ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДЫ СУМЕН ҚАМТУ Толығырақ

КУРОРТТЫҚ АЙМАҚ ӨҢІР БАСШЫСЫНЫҢ НАЗАРЫНДА

17:46, 21 қаңтар 2020

2025 жылға қарай Имантау-Шалқар аймағына туристер ағынын 10 есеге арттыру жоспарланып отыр. Демалыс орнының ерекшелігі - желкенді спорт түрі болмақ. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Айыртау ауданында болып, жергілікті инвесторлармен кездесті. Сондай-ақ,  бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарды аралады. Осы жылы курортты аймақ туристтерді немен қуантады?! Келесі бейнематериалға зер салайық.

Саумалкөл мектеп-гимназиясы 1987 жылы ашылған. Бүгінде мұнда 700-ден астам оқушы білім алып жатыр. 2019 жылы «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламаның аясында, аталмыш оқу ордасына 69 млн тг бөлінген. Осы қаражатқа 300 кабинет жөнделіп, мектептің терезелері ауыстырылды.. 

БАҚЫТ СЕЙТАХМЕТОВА, АЙЫРТАУ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Биылғы жылға аудандағы 3 мектептте күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 193 млн тг бөлінді.  Бұл Сырымбет, Айыртау, Лобанов мектептері. Сонымен қатар, Шалқар орта мектебін жөндеу жұмыстарына 11 млн тг жұмсалмақ.

 «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасы арқасында 25 жыл қолданыссыз тұрған  бассейінге күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Бұл мақсатқа 157 млн тг жұмсалған.

ЕРСҰЛТАН ҚАЗБЕКОВ, №2 САУМАЛКӨЛ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ:

- Бассейіннің қайта іске қосылғанына өте қуаныштымыз. Бассейнге аптасына 3 рет барамыз. Қазір, облыстық чемпионатқа дайындық үстіндемін, мақсат – жеңіспен оралу.  

Кәсіби спортты дамыту мақсатында аудандарда хоккей алаңы мен дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу қажет. Мәселен, Саумалкөл ауылында салынып жатқан спорттық кешен биыл қолданысқа берілмек. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Биыл спорт саласына  бөлінетін қаржыны ұлғайттық.  Хоккей, футбол, волейбол ойындары бойынша толыққанды облыстық чемпионаттар өткізу қажет. Бассейнді жөнге келтірудің арқасында, бірқатар секциялар пайда болмақ. Саумалкөлдік жүзушілер облыстық және республикалық жарыстарға қатысады

2020 жылы өнер мектебі де қолданысқа берілмек. Жазда нысанның қасбеті жөнделіп, жаңа оқу жылында 3 мың бала 20 бағыт бойынша үйірмелерге қатысады. Құмар Ақсақалов жұмыс сапары барысында Имантау-Шалқар курорттық аймағы бойынша жиын да өткізді. 3 жыл ішінде Айыртау ауданыда 273 шақырым жол жөнге келтірілген. Өткен жылы аудан орталығында 18 көше жаңадан жөнделді.  Курорттық аймақта экологиялық кемпингтер мен автотуристердің базасын салу қолға алынап, курорттық-санаториялық емделу кешендері мен белсенді демалыс орындарын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда, демалыс орындарында спорт алаңдары, суда жүзуге арналған жабдықтар мен құтқару жилеттері жоқ. Интернет қосылмаған, жалға берілетін велосипедтер де тапшы.

ҚҰРАЛАЙ ЖАРОВА, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Бизнесмендер өзге қызмет түрінен табыс таба алды. Мәселен, демалушыны вокзалдан демалыс орнына дейін көлікпен қамтамасыз етсе. Қазір демалысқа келген адам өзімен бірге тамақ алып келді. Сол себепті тағамданатын орындарды көптеп ашсақ.  

Инвесторлар мен кәсіпкерлер Имантау-Шалқар курорттық аймағында желкенді спорт түрін дамытпақ ойда. Бұл сопрт түрі демалыс орнының өзгелерден басты ерекшелігі болуы әбден мүмкін. Енді бірі, шағын архитектуралық нысандарға көңіл бөлу қажет дейді. Алайда бұл тек бастапқы ұсыныстар, өңір басшысы кәсіпкерлерден ауқымды жобалар күтетінін атап өтті.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Бүгін сіздерден ауқымды жобларды күткен едім. Айдалада жалғыз үй тұрғаны керегі жоқ, 100-200 адам сиятын үлкен кешен болу керек. Ең үлкен мәселе бұл - жылу және сумен қамтамасыз ету. Біз үлкен және келешегі бар демалыс базаларына сорғылар қоюға дайынбыз.

«Желқуар 2003 агро-фирмасы» Қазақстанның аумағынан тыс жерлерде танымал болған «Кусто-Агро» компаниясына жұмыс істейді. Өткен жылы инвесторлар Арықбалық аулына келіп, 21 ғасырдағы мал шаруашылғын дамытпақ.

ҚАНАТ ӘЛМҰХАМЕДОВ, «ЖЕЛҚУАР 2003 АГРО-ФИРМАСЫ»  ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Мал бордақылау алаңын қамтамасыз ету үшін үлкен жем базасы салынады Украина елінен агрономлар мен инженерлерді әкеліп, техникалық карта құрастырдық.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Техника мен 10 мың қара малға арналған бордақылау алаңына ғана  2020 жылда 5 млрд инвестиция құйылмақ. Бұл өте үлкен инвестиция, Айыртау ауданы мен Арықбалық ауылы үшін маңызды жоба.  

Мұндай инвестициялаудың басты ерекшелігі - фирма өз бизнесін дамытатын өңірді абаттандыру бойынша да міндеттеме алып отыр. Айыртау ауданындағы Арықбалық ауылын абаттандыруға 2020 жылға облыстық бюджеттен ғана 197 млн.теңге бөлінді.

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ
17:54, 21 ақпан 2020
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ...
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ЖАҢА РЕФОРМА КҮТУДЕ
13:01, 28 мамыр 2020
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ЖАҢА РЕФОРМА КҮТУДЕ
Толығырақ...