ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

МАШИНА ЖАСАУ СЕКТОРЫН ҮЛКЕН ӨЗГЕРІСТЕР КҮТІП ТҰР

17:52, 25 қыркүйек 2019

Машина жасау секторында үлкен өзгерістер болып жатыр.  Биыл облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың араласуымен өндіріс ошақтарына 6,7 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде, Петропавл ауыр машина жасау және Киров зауыттарының білдектер паркі жаңғыртылып, өндіріс көлемі артты. Тиісінше, тапсырыстар көлемі үш есеге ұлғайды.  Тілшіміз толықтырсын. 

Петропавл ауыр машина жасау зауыты заман талабына сай жаңғырып келеді. Мұнда бұл жұмыстар 2017 жылдан атқарылуда. Кәсіпорын өнімділігі жоғары су жаңа 22 білдекпен жарақталған. Облыс әкімінің айтуынша, әрбіреуі ескі 10 білдектің жұмысын атқарады.  Алдағы уақытта өнімнің аталымдарын көбейту міндеті тұр.  Құмар Ақсақалов өндіріс ошағының болашағынан зор үміт күтетінін айтты.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- 6 млрд қосымша адамдарды оқытып жатырмыз. Зауыттарды жаңғырту мәселесі бойынша елбасына бірнеше рет ұсыныс жасадық. Керекті құжаттарды түгендеп, алғашқы траншты алдық.  1,5 жылдың ішінде әлемдегі озық қондырғылар орнатылып жатыр. Бағдарламалармен басқарылады. 39 білдек аламыз деп жоспарлаған едік. Бүгінде 22-сі іске қосылды.  Нәтижесінде еңбек өнімділігі артты. Жаңа білдек 10 ескі білдектің жұмысын атқарып жатқан көрінеді.  

Вагондарды құрастыратын цехта қосымша 50 жұмыс орны ашылыпты. Құмар Ақсақалов олардың санын 150-ге жеткіземіз деді. Қазіргі таңда мұнда еңбеккерлер екі ауысымда жұмыс істеп жатыр. Бұл вагондармен ет, балық, көкөніс пен жеміс-жидек сынды тез бұзылатын өнімдер тасымалданады. Қазіргі таңда қолданыстағы осындай вагондардың 90 пайызы тозған көрінеді. Отандық өндірушілердің айтуынша, бұл вагондар Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.  

АҚАН КӘРІМОВ6  «ПАМЖЗ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А.:

ТМД елдерінде бәсекелестер мүлдем жоқ. Мұндай вагонды  шығаратын жалғыз кәсіпорын Қазақстанда болмақ.  Экспортқа мол мүмкіндік ашылып отыр.  Қазіргі таңда тез бұзылатын өнімдер тасымалы ұлғайып келеді. Соған байланысты келешете вагондарға сұраныс артады деген сенімдемін. Осы күні біз 5 данасын Ресейге жөнелттік. 

Алдағы уақытта Киров зауытын да оң өзгерістер күтіп тұр.  Бұл кәсіпорының білдектері 2,2 млрд теңгеге жаңғыртылыпты. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Жұмыс көлемі анағұрлым арта түспек.  Салыстырмалы түрде алсақ, былтыр 3,5 млрд теңгенің тауарын өндірдік. Биыл бұл көрсеткіш үш есеге артық болады. Тиісінше, еңбеккерлердің жалақысы жоғарылайды. Мемлекетке салық көбірек түседі. Бір сөзбен айқанда, экономикалық тұрғыдан оң өзгеріс орын алады.   

Алдағы уақытта облыс орталығында компьютерлер құрастырылуы мүмкін. Осы іске маманданған қытай компаниясының басшылығымен келіссөздер жүріп жатыр. Бұл жөнінде өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов мәлімдеді. 

Берік ҚАСЕН

 

Тақырып бойынша материалдар

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ
17:54, 21 ақпан 2020
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ...
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар