ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ Толығырақ

МОНЕТА ТАПСЫР - СЫЙЛЫҚ ҰТ

20:45, 29 наурыз 2019

Ұлттық банктің өңірлік филиалы «Монеталарыңызды айналымға шығарыңыз» атты науқанын бастап отыр. Іс-шара аясында қызылжарлықтар өздері жинаған тиындарды банкноталарға алмастыра алады. Акцияның мақсаты металл ақшаларды айналымға қайтару және халыққа металл ақшаларды қолда ұстамау керектігін түсіндіру. Акция 29- сәуірге дейін өтеді.

Мәселен, 2018 жылы облыста 46 тонна монета айналымға шығарылса, соның 18 тоннасы ғана сауда-саттық арқылы банкке қайтқан. Мамандардың айтуынша, қалған темір ақша, яғн и 28 тонна халықтың қолында жүр. Осыған байланысты Ұлттық Банктің филиалы тұрғындарға жиналған монеталарды банкнотаға айырбастауды ұсынады. Егер екінші деңгейлі банктер комиссиялық алымды ескере отырып, монеталарды қабылдаса, Ұлттық банк ақшаны тегін айырбастайды. Акция аясында арнайы ұтыс та ұйымдастырылған.Сондай-ақ, 10 мың теңгеден астам монеталарды айырбастау кезінде солтүстікқазақстандықтар Қазақстанның Тұңғыш Президенті бейнеленген банкнотты ала алады.

МЕЙРАМ МАМБЕТОВ, «ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ» АҚ СҚОФ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:

Науқан шарттары бойынша Ұлттық Банкінің өңірлік филиалының кассаларында айналымдағы монеталарды банкноттарға шексіз мөлшерде және комиссиясыз айырбасталады. Ұтыс ойыны барысында үш жеңімпаз анықталады. Ол барлық қатысушылар арасында өткізіледі. Ең көп монета айырбастаған қатысушы жеңімпаз атанады. Оған бағалы сыйлығымыз бар.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...