ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

МОНЕТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРЫҢЫЗ

21:34, 30 сәуір 2019

Ұлттық банктің өңірлік филиалы наурыздың 29 мен сәуірдің 29 аралығында «Монеталарыңызды айналымға шығарыңыз» атты науқанын өткізді. Шараның аясында солтүстікқазақстандықтар өздері жинаған тиындарды банкноталарға алмастыра алды. Сонымен қатар, студенттер мен оқушылар арасында әлеуметтік бейнеролик түсіру бойынша конкурс өтті. Бүгін акция мен сайыстың нәтижесі қорытындыланып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Монеталарыңызды айналымға шығарыңыздар» акциясының басты мақсаты метал ақшаларды айналымға қайтару. Мұны қаржы және менеджмент саласының болашақ мамандары жақсы түсінеді. 2 курстың студенттері әлеуметтік бейнеролик түсіруге бір апталарын жұмсаған. Асылхан Амержанның айтуынша олар ақшаның құндылығын  айтып, халыққа түрлі сұрақтар қойған.

АСЫЛХАН АМЕРЖАН, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ СТУДЕНТІ:

- Кафедра меңгерушісі ай сайын жаңа бір сайыстар туралы айтып отырады. Ұлттық Банктің сайсынан да біз шет қалмадық. Өте қызықты болды. Тиындарды айналымға енгізіп, Қазақстанның экономикасына үлес қосуға біздің де ынтамыз болсын деп сол видеоролик сайысына қатысқан едік. Біз группамен 8 адам болып жиналдық.

Ал, Дина Наушәріпова баласының жарты жыл  жинаған 100 және 50 теңгелік монеталарын банкке ауыстыруға әкелген. Осылайша ол 8 рет банкке келіп тиындарды 5 мың, 8 мың, 10 мың  теңгеге алмастырған. Банк қызметкерлері Динаға «Акцияға белсенді қатысушы» деген  аталым бөліп, бүгін өз алғыстарың білдірді.

ДИНА НАУШӘРІПОВА, АКЦИЯҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУШЫ:

- Мен бұл науқан туралы газеттен оқып білдім. Сосын қатысуға ниет білдірдім. 8 рет келіппін. Алғаш рет 5 мың 500 теңге әкеліп тапсырғанмын.

2018 жылы облыста 46 тонна монета айналымға шығарылса, соның 18 тоннасы ғана сауда-саттық арқылы банкке қайтқан. Мамандардың айтуынша, қалған темір ақша, яғни 28 тоннасы халықтың қолында жүр. Осыған байланысты Ұлттық Банктің филиалы тұрғындарға жиналған монеталарды банкнотаға айырбастауды ұсынған.

МЕЙРАМ МӘМБЕТОВ, «ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ» АҚ СҚОФ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:

- Тұрғындар науқанға өте белсенді қатысты. Кассаға 3 млн 217 мың 951 теңге енгізілді. 70 мыңға жуық монета тапсырылды. Күніне 5-6 адамдай келіп тұрды. Барлығы да үйлерінде жинағанмонеталарын әкеліп, банкноталарға ламастырды.

Банк кассасына 15 мың 680 монета тапсырған тұрғын  1-ші, 2-ші орынға 6 мың 96 монета тапсырған және 3-ші орынға 3 мың 472 монета тапсырған қызылжарлықтар бүгін алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
18:08, 16 қыркүйек 2019
«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
Толығырақ...