ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

ОБЛЫСҚА 11 ШЕТЕЛДІК КОМПАНИЯ ИНВЕСТОР БОЛАДЫ

17:56, 24 қыркүйек 2019

Солтүстік Қазақстан облысында 580 млрд теңгенің 46 инвестициялық жобасы іске асырылмақ. Бұл жайында облысқа жұмыс сапарымен келген ҚР Сыртқы істер министрілігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Хаировпен өткен кеңесте айтылды.   Облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек  өңірде инвестициялық  жоба негізінде  нәтижелі жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар жайында айтып, алдағы жылдарға құрылған жоспармен таныстырды. Толығырақ тілші бейнематериалда.

Облыстық атқарушы орган өкілдерінің  ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан  Хаировпен кездесу «Даму» кәсіпкерлерді  қолдау қоры ғимаратында өтті.  Өңір қонағы елімізде инвесторлардың бизнесін қолдау шаралары жайында айтып берді.

ЕРЛАН ХАИРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІЛІГІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ЕЛШІСІ:

Инвесторлар үшін екі негізгі қолдау түрі қарастырылған. Акцизды тауарларды шығаратын және пайдалы қазбаларды қазумен айналысатындардан басқасының бәрі, Қазақстанға әкелетін құрылғыларға төленетін кедендік баж салығынан босатылады.  Оған қоса, оларда  өнеркәсіп нысанын тұрғызу үшін жер телімі тегін алу мүмкіндігі бар. Бұл біріншісі, екіншісі индустрияландыру бағдарламасы аясында 5 сала бойынша атап айтсақ, химия, мұнай-химия,, металлургия, азық түлік өнімдерін шығаратын кәсіпкер жобаға 2 млн  айлық есептік көрсеткіш сомасын құйса, салықтың үш түрінен босатылады.

Инвесторлар өнеркәсіп нысанын тұрғызып болғанша, кейін тағы бір жыл мерзімі ішінде өзінің жұмысшыларын әкеліп істей алады, алайда, кейін жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға міндетті.  Солтүстік Қазақстан облысында инвесторларды тарту жұмысымен 3 бірдей институт айналысады. Kazakh invest, инвесторларды қолдау орталығы мен индустриалды инновациялық даму басқармасы. Облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек бұл жұмыстың нәтижесін айтып, өңірде шетелдік және жергілікті инвесторлардың қатысуымен жұмыс істеп жүрген кәсіпорындар жайында айтып берді.

ДӘУРЕН ЖАНДАРБЕК, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Аграрлы аймақ болған соң, инвесторларды негізінен ауыл шаруашылық саласы қызықтырады.  Айталық Class,  Kazmeal, Тайынша май, Тайынша ет комбинаты  сияқты ірі жобалар соның айғағы. Оған қоса инвесторлардың көмегімен облыста біраз жыл тұрып қалған өндіріс ошақтары екінші дем алып, жұмысын жандандырды. Олардың қатарына глютен, крахмал мен бтоэтанол шығаратын BIOOPERATION  серіктестігі  жатады. 

Дәурен Жандарбек өңір қонағын жоспарға енгізіліп, жұмысын енді бастайтын жобалармен таныстырды. Атап айтсақ, «Рим-Казагро» серіктестігі қатты сабын мен гранулалар өндірісін бастамақ, «Кирпич СК» компаниясы жергілікті құрылыс нысандарына кірпіш шығармақшы, ал Қытайлық компания өңір аумағында ірі техниканы құрастыру жөніндегі зауыт ашпақ. Жалпы қазір облыста 580 млрд теңгенің 46 жобасы әзірленіп жатыр, оның 11-і шетелдік компаниялардың қатысуымен. Ерлан Хаиров жиналысты қорытындылай келе, облыстағы инвесторларды тарту жұмысына жоғары баға берді. 

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ
17:54, 21 ақпан 2020
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ...
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар