ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА 3-ШІ ЗАМАНАУИ АНГИОГРАФ АППАРАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

17:17, 17 қараша 2020

Облыста қаңтар-қазан айлары аралығында көптеген салада өсу бар. Мәселен,өңірдегі   негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі – 19,9%, тұрғын үй енгізу – 12,5,  ал құрылыс жұмыстары – 10,4%, өнеркәсіп өндірісі – 5,5% және  ауыл шаруашылығы көлемі – 3% өскен. Жалпы 2020 жылғы қаңтар-қазанда негізгі капиталға құйылған инвестициялар көлемі 202,4 млрд. теңгені құраған.

Негізгі капиталға құйылған инвестициялар ауыл, орман және балық шаруашылығы, өнеркәсіп салаларында, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар бойынша игерілген. Сонымен қатар, биыл  ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі де 700 млрд. теңгені құраған. Мал мен құстың барлық түрлерінен 84,6 мың тонна ет алынса, 539,4 мың тонна сүт сауылған. Ал 524,3 млн. жұмыртқа алыныпты. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі де көңіл көншітерлік.  Жалпы қаңтар-қазан айларында бұл сала 235,6 млрд. теңгені құраған.Оның ішінде тамақ өндірісі 6,2% артқан.Және өңірдегі құрылыс жұмыстары 70,9 млрд. теңге сомасына орындалған. Биыл 729 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 129793 шаршы метрді құрапты. Ал жыл басынан бөлшек сауда көлемі 206,9 млрд. теңгені, көтерме сауда  304,8 млрд. теңгені құрап отыр.

  • Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі – 19,9% немесе 202,4 млрд теңге;
  • Құрылыс жұмыстары – 10,4% немесе 70,9 млрд теңге,
  • Өнеркәсіп өндірісі – 5,5% немесе 235,6 млрд теңге;
  • Тамақ өнімдерінің өндірісі – 6,2%;
  • Ауыл шаруашылығы көлемі – 3% немесе 700 млрд теңге;
  • Бөлшек сауда көлемі 206,9 млрд. теңге;
  • Көтерме сауда көлемі 304,8 млрд. теңгеге өсті.

 

Тақырып бойынша материалдар

«COOL INFINITI» ЖШС ЖЫЛЫНА 300 ТЕРМОС-ВАГОН ЖАСАП ШЫҒАРМАҚШЫ
20:50, 15 қаңтар 2021
«COOL INFINITI» ЖШС ЖЫЛЫНА 300 ТЕРМОС-ВАГОН ЖАСАП ШЫҒАРМАҚШЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
17:17, 14 қаңтар 2021
МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ
17:19, 12 қаңтар 2021
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСҚАНДАР  8  ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛАДЫ
17:15, 14 қаңтар 2021
БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСҚАНДАР 8 ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛАДЫ
Толығырақ...