ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА КОРОНАВИРУС ІНДЕТІН 3-ШІ АДАМ ЖҰҚТЫРДЫ Толығырақ

ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

18:03, 31 желтоқсан 2019

Тағы бір жылды артқа қалдырып, Жаңа 2020 жылдың табалдырығына да жеттік.   2019 жыл ел және өңір тарихында қандай оқиғаларымен қалады?  Арна тілшілері соңғы 12 айдың оқиғаларын саралап, қысқаша шолу жасады.

2019 жылдың басты оқиғасы әрине Еліміздің тізгінін 30 жылдай ұстап, басқарған Тұңғыш Президентіміздің отставкаға кетуі. Бір айта кететіні, Нұрсұлтан Назарбаев Орта Азиядағы посткеңестікте өз еркімен Президенттік орнын босатқан алғашқы мемлекет басшысы. Мерзімінен тыс сайлаудың нәтижесі бойынша, бұған дейін Сенат төрағасы қызметін атқарған  Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болып сайланды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ6 СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жорлауында сайлауалды бағдарламасында айтылған істердің орындалатынына уәде етті.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:   

Қыркүйек айында Қасым-Жомарт Тоқаев  Президент ретінде алғаш рет Солтүстік Қазақстанға келді.  Өңір активімен кездесу барысында   ауылдардың дамуы және агроөнеркәсіп саласының мәселелері талқыланды

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Облыста инвесторлардың қатысуымен бірқатар ірі жоба іске асырылып, жүздеген адам тұрақты жұмысқа орналасты. Ал бюджетке құйылатын қаржы еселене түсті. өңірде облыс әкімінің бастамасымен  «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы құрылды.  Осының арқасында алдағы жылы шамамен 300 млрд астам теңге инвестиция тартылмақ.   

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Жақында ғана арнайы экономикалық аймаққа бірінші қатысушы кірді. Бұл 500 орынға шақталған көп бейінді аурухананың құрылысын қолға алған Юдей холдинг түрік компаниясы. Премьер-Министрдің сапары аясында өткен аптада біз тұрмыстық химия фабрикасын іске қостық, жоба қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы аясында жүзеге асты. Киров атындағы зауытты және ауыр машина жасау зауытын жаңғыртудың бірінші кезеңі мәреге жетті. Жаңа жабдықтың арқасында Киров зауыты  көп қабатты платаларды шығаруды бастады. Олар тұрмыстық техникаға қолданылады, мұндай өндірістің республика бойынша баламасы жоқ.

Сотүстік Қазақстан облысы аграрлы өңір.  Биыл диқандар 5,5 млн тонна астық жинап, ішкі жалпы өнім көлемі 1,5 есе артты.  Өңірде биыл мектептерді күрделі жөндеп, жолдарды салуға аса қомақты қаражат бөлінді.  Ауылшаруашылығы өнімін арттыру мақсатында солтүстікте сүт фермалары ашылып жатыр. Биыл үшеуі пайдалануға берілсе, келер жылы тағы оны салынбақ.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: 

Солтүстікқазақстандық тауарөндірушілер, «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қолдап,  халық күнделікті тұтынатын заттарды шығаруға ден қойып отыр.  Биыл «Радуга» серіктестігі  жылына  6 мың тонна қатты және сұйық сабын шығаратын желіні іске қосты. Қазақстан республикасының Премьер министрі Асқар Мамин  облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен бірге кәсіпорынның жаңа өндіріс ошағын аралап,  желіні іске қосу рәсіміне қатысты.

Елімізде көп балалы отбасылардың жағдайын жақсарту шаралары күшейді. Атаулы әлеуметтік көмекті үйлестіру критерийлері өзгеріп,, бұл көмекке ие болатындардың саны облыста 2 мың адамнан 27 мың адамға дейін көбейді. Көп балалы, толық емес, және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды баспанмен қамту үшін құрылған «Бақытты отбасы бағдарламасы бойынша биыл 150-ге жуық үйелмен пәтер сатып алды. 

АЙГҮЛ ТҰЯҚБАЕВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА:

- «Бақытты отбасы» деген бағдарлама жайында теледидардан да, интернеттер де естіп, Жилстройға хабарластым. Ия қатыса аласыз деді. Қалада тіркелгеніміз жайында анықтаманың керегі жоқ деді. Ең әуелі ауданнан  жолдама алыңдар деді. Рахмет көп балалы отбасыларға осындай мүмкіндік берілгені үшін рахмет. 

Жалпы 2019 жылы 2240 пәтерді қолданысқа беру жоспарланған. Оның 126-сы көп балалы отбасыларға арналған. Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың айтуынша алдағы 3 жылда, осы санатқа жататын тұрғындардың бәрі баспанамен қамтылады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

– Жылдың соңына дейін 2240 пәтерді тапсырамыз. Жалпы 8 мыңнан астам өз жағдайын жақсартады. Келесі жылы 2842 пәтер тұрғызылады. Қаражат бөлінген.  

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік өңірлерден көшіп келетін ағайындарға биыл 428 үй салынды.      

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ
17:54, 21 ақпан 2020
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ...
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...