ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

20:38, 18 ақпан 2020

Қаңтар айының қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өзгеріс бар. Мәселен облыс қазынасына 4 млрдқа жуық теңге түсті. Бірақ кей басқармалар өздеріне бөлінген қаржыны игера алмаса, құрылыс қарқыны тым бәсеңдеп кетіпті. Ауыл шаруашылық саласында да шешілуі тиіс түйткілдер кездеседі. Бүгін облыстық әкімдікте өңір жетекшісі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен жиын өтті. Онда осы мәселелер талықланып, оларды шешу жолдары қарастырылды. Сондай-ақ отырыста аймақ басшысы шенеуніктерді волонтерлықпен айналысуға шақырды.

Қаңтар айының қорытындысы бойыша жалпы ішкі өнім көлемі артып 10,5 млрд теңгені құрады. Қайта өңдеу кәсіпорындары 12,7 млрд теңгенің өнімін шығарды. Экспорт 27 млн теңгені құрады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Ішкі жалпы өнім 0,1 процентке артты. Бұл аз, бірақ жаман емес көрсеткіш. Қызылжар мен Темирязев аудандарында жалпы ішкі өнім көлемі тым төмендеп кеткен. Біреуінде 84,7 пайызға, ал екіншісінде 89,8 процентке. Марат Иманбайұлы біз сізбен құрған жоспар бойынша бұл бағыттағы көрсеткіш 4 процентке артуы керек болатын. Ет өндіруді ұлғайтып, бордақылау алаңдарын, сүт тауарлы фермаларын ашу керек. Осы  бағытта қандай шаралар атқарылып жатыр?

МАРАТ ТАСМАҒАМБЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Наурыз айынан бастап ауыл шаруашылық саласын қаржыландырамыз. Үш бордақылау алаңа салынады. Жалпы бұл бағыттағы жұмыстарға басымдық береміз.

Ал құрылыс қарқыны облыс бойынша 22,2% төмендеп кеткен. Тек қаланы алып қарайтын болсақ өткен айда шаһарда тек 44 шаршы метр үй салынған.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- 44 шаршы метр ол бір үйдің жартысы ма әлде шағын бір пәтер ма? Тіпті Темирязев ауданында 55 шаршы метр үй салыныпты. Бұл дегеніміз қаңтар айында Петропавлда ешқандай құрылыс жұмыстары жүргізілмеді деген сөз. 

СҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының жетекшісі Серік Мұхамедиевтің айтуынша шаһарда құрылыс жүріп жатыр, тек жұмысты шағын фирмалар атқаруда. Ал олар тек тоқсан сайын есеп береді екен. Петропавлда қазір ірі құрылыс фирмаларынан «Основание» ЖШС – ғана қалған. Бюджетке келер болсақ өткен айдың қорытындысы бойынша облыс қазынасына 4 млрдқа жуық қаржы түсті. Бұл көрсеткіш жоспардан артық. Енді артылған қаражат тиісті салаларға жұмсалмақ. Айта кететін жайт облыстық білім және табиғи ресурстрар басқарламалары өздеріне бөлінген қаржыны игере алмаған. Жиын барысында азық түліктің бағасы да сөз болды.

ҚҰРАЛАЙ ЖАРОВА, СҚО КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Жыл басынан азық түлік бағасы қымбаттаған жоқ. Халық күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасын қалыпта ұстау үшін моторинтік топ құрылған. Тұрақтандыру қоры тарапынан қарақұмық, сұйық май, қант пен жармаға мониторинг жалғасуда. Наубайханалаға бірінші сұрыпты ұн берілді.

ОБлыс әкімі бағаны бақылауда ұстау қажет деді. Сондай – ақ өңір басшсы мемлекеттік мекеме, орган басшыларын, жалпы шенеуніктерді волонтерлықпен айналысуға шақырды. Биыл қардың жылдағыдан көп мөлшерде түскенін тілге тиег етіп, жалғыз ілікті қарияларға, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың үйлерін қардан тазартып, жан – жанты қолдау көрсетуге ұсыныс жасады.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ
17:54, 21 ақпан 2020
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ 112 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
17:21, 25 қараша 2020
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ 112 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...