ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

ОРАҚ НАУҚАНЫ

20:52, 17 қыркүйек 2019

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан өңірде орақ науқаны қызу жүріп жатыр. Дегенмен күн сайынғы жауын шашынның кесірінен диқандар науқанды уақытынан кеш аяқтауымыз мүмкін дейді. Кей серіктестіктер астықты ылғалЫ ЖОҒАРЫ болса да бастырып жатыр. Солардың бірі Есіл ауданындағы «Ключевое» шаруа қожалығы. Ылғал күйінде соғылған дән шіріп кетпей ме? Агроқұрылымда жиып алынған өнімді кептіретін қоймалар бар ма? Тақырыпты әрі қарай тілшіміз сабақтасын.

2001 жылы құрылған «Ключевое» ЖШС меншігінде бүгінде 4 мың гектар жер бар. Әзірге тек дәнді дақылдарды егумен айналысатын шаруа қожалыҒЫ, болашақта майлы дақылдарға бет бұруды көздейді. Агроқұрылым басшыларының айтуынша биыл ауа райының қолайсыздығы кедергі болып, орақ науқанын жоспардан кеш бастапты. Әйтседе межелі мерзімде түгел астықты жиып алатындарына сенімді. Астықтың шығымдылығына келер болса, гектарынан 20 центнерді құрапты. Бұл жаман көрсеткіш емес.

САИП БАЙДУЕВ, «КЛЮЧЕВОЕ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ, ЕСІЛ АУДАНЫ:

- Орақ науқаны жоспарға сай жүріп жатыр. Қажетті техникамыз түгел. Жыл сайын жаңартып отырамыз. Ешқандай проблема жоқ. Былтырға қарағанда молырақ өнім аламыз деген үміттеміз. Әзірге астық шығымдылығы гектарынан 20 центнерді құрап отыр. Енді ауа райының ылы қабақ танытуын тілейміз. Өйтпеген жағдайда шығынға батамыз.

Алқаптарда «Есіл» маркалы төрт комбайн жүйткіп жүр. Механизаторлар ауысыммен күні - түні еңбек етуде. СОлардың бірі Григорий Савицкий. 12 жыл осы салада жүрген азамат, таңның атысы мен күннің батысы астық орады. Дегенмен қандайда бір қолайсыздық сезіне қоймапты. Өйткені техника жаңа, жайлы – дейді ол.

ГРИГОРИЙ САВИЦКИЙ, МЕХАНИЗАТОР:

- Бұрындары ескі техниканың талай зардабын көрдік. Жиі бұзылып ығырымыз шығатын. Сөйтіп жүріп жұмыс өнбейтін. Байдуев мырза директор болғалы техника паркіміз жаңарып, марқайып қалдық. Ауысыммен тәулік бойы еңбек етеміз. Барлық жағдай жасалған.

Бүгінде серіктестікте 30 адам еңбек етеді. Астық ылғал күйінде жиналып жатқанымен, оны кептіретін арнайы құрылғылар бар. Кептірілген дән қоймаларға жөнелтіледі. Агроқұрылымда 1000 және 3000 тоннаға шақталған екі бірдей қойма бар. Егер ауа райы жылы қабақ танытса серіктестік басшылары орақ науқанын келесі аптада аяқтаймыз деп отыр.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ
17:54, 21 ақпан 2020
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ...
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар