ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

ОТБАСЫЛЫҚ БИЗНЕСТІҢ ӨРІСІ КЕҢЕЙДІ

18:08, 17 қыркүйек 2019

Өңірде отбасылық бизнестің өрісі кеңейіп жатыр. Биыл, әсіресе,  көпбалалы отбасылардың айы оңынан туып тұр. Мысалы,  Қызылжар ауданының тұрғыны Мариям Аксарина 500 мың теңгенің қайтарымсыз грантын алып, бөдене өсіріп жатыр. Жерлесімізбен  әріптесім Берік  Қасен сұхбаттасып қайтты.  

Мариям Аксарина жеке кәсіп бастаймын деп мүлде ойламаПТЫ. Мамандығы – психолог. Таңертеңнен кешке дейін еңбек ететін көп балалы ананың жұмыс кестесіне көңілі толмаған.   Үйіндегі 4 баласына қарайтын уақыт табу амалымен, басқа орын қарастырған. Ұзақ іздеген. Сөйтіп басы қатып жүргенде жұмыспен қамту бөліміндегілер үйіне келіп, есігін қағыпты. 

МАРИЯМ АКСАРИНА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

Жұмыспен қамту бөлімінің басшысы мен көмекшілері үйіме келіп, ақыл-кеңестерін айтты. 500 мың теңге көлемінде мемлекеттен грант ала аласыз. Ол ақшаны мемлекетке қайтармайсыз деді. Қаржылай көмекті алу үшін «Бастау» жобасы аясында арнайы курстан өтіп, жобамды ойдағыдай қорғап шықтым. Сөйтіп, грант алдым. Бұл көпбалалы отбасыларға үлкен қолдау. Жақсы болды.  Ертеңгі күні қарызды қайтару жағынан алаңдамаймын. Өзіме ұнайтын іспен айналысып жатырмын.

Мариям Аксарина өңір нарығын зерттеп, бөдене өніміне сұраныстық жоғары екенін анықтаған. Базардағы алып-сатарлар жұмыртқаның онын 280 теңгеге, етінің келісін -2,5 мың теңгеге бағалапты. 

МАРИЯМ АКСАРИНА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

- Бөденелер 45 күнен кейін жұмыртқалай бастайды. Сол кезде инкубатор сатып аламын. Сосын аздап басын көбейтпекшімін. Ол үшін бөлме темпаретурасы 18-23 градустан кем болмауы керек. Үнемі сапалы азық беремін. Жемді аса жей қоймайды екен. Әзірге асықпаймын. Маған бәрінен бұрын қалай қыстап шығатыны қызық болып тұр. 

Мәриямның айтуынша, бөдене жұмыртқасы микроэлементке бай. Бүлдіршіндердің ағзасына сіңімді. Операциядан кейін оңалып келе жатқандар бөдене жұмыртқасын тұтынады екен.

Жерлесіміз бұл кәсіптен түсетін пайданың есеп-қисабын жобалап жасап қойған. Сәтін салып, бәрі ойдағыдай болса, бөдененің басын 500-ге дейін арттырып,  жылдық табысты 1 млн теңгеге жеткізбекші. 

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...