ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА СҰЙЫҚ САБЫН ШЫҒАРЫЛАДЫ

20:40, 25 қыркүйек 2019

«Радуга» серіктестігінің сұйық сабын шығаратын цехі күн сайын 6 тонна дайын өнім жасайды.  Нарықта үш жыл істеп келе жатқан өндіріс ошағы өнімін Қазақстанның барлық қаласына жөнелтеді. Алдағы уақытқа қойған жоспарлары да ауқымды. Цехтің тыныс тіршілігімен арна тілшілері танысып қайтты.

«Радуга» серіктестігінің сұйық сабын жасайтын бұл цехі 3 жыл бұрын ашылды.   Сабынның құрамы  10 компоненттен тұрады.  Өндірісте ресейден әкелінген шикізатты мына құрылғыларға жүктеп, 3 сағаттың ішінде белгілі бір температурада пісіреді. Кәсіпорын сұйық сабынның 10 түрін жасайды. Дайын өнімді Қазақстанның барлық қалаларына жөнелтеді. Өндіріс ошағы ай сайын нарыққа 150 тонна сабын шығарады. Зауыт қазір толық қуаттылығы бойынша жұмыс істеп тұр. Алайда тапсырыстар көлемі әлдеқайда көп дейді  өндіріс басшысы Андрей Петрович. 

АНДРЕЙ ГЕННЕ, ӨНДІРІС ЦЕХІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Бұл өндірістің негізгі кезеңі. Әуелі бөшкелерге  алдын ала дайындалған таза суды құямыз. Кейін қажетті компоненттердің біртіндеп қосамыз. Бір бөшкеден, 1 тонна сұйық сабын шығады. Бір мезетте осындай 4 бөшкеде сабын пісіріледі. Бұл процесс 3 сағатқа жалғасады.

Айым Омарованың  бұл кәсіпорында еңбек етіп келе жатқанына 14 жыл болған. Осы мерзім ішінде түрлі өндірісте істеді. Мұнда оған қызметкерлерге деген көзқарасы, әлеуметтік қолдаулары ұнайды.

АЙЫМ ОМАРОВА, КӘСІПОРЫН ОПЕРАТОРЫ:

- Ұжыммен тіл табысып кеттік. Кәсіпорын басшылығы да жақсы. Жұмысқа әкеліп-үйге жеткізу, түскі ас қарастырылған. Жалақымызды уақытымен төлеп отырады. Бәрі ұнайды. Оған қоса жыл сайын жаңа өндіріс ашылып, қол қусырып отырмаймыз.

 Кәсіпорынның алдағы жоспарлары да ауқымды. Көп ұзамай мұнда қатты сабынды шығаратын жаңа цех пайда болады. Жаңа желі 90 пайызға дайын.

АНДРЕЙ ГЕННЕ, ӨНДІРІС ЦЕХІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Мұнда өндірістің толық циклы жүргізілмек. Яғни жануарлар майы мен сілтіктен сабынды жасаймыз. Бояғыштар мен  хош иіс беретін  компоненттер де табиғи болады. Сағатына 1 тонна өнім шығарылады. 

Жаңа өндірісте 42 адам жұмыс істейтін болады.   Қазір бұл адамдар кәсіпорынның оқыту орталығында дайындықтан өтуде.  

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ
17:54, 21 ақпан 2020
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ...
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар