ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА 8 ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕН ӘКЕЛІНДІ Толығырақ

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ

17:54, 21 ақпан 2020

СҚО әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ арасында меморандум қабылданды. Екі жақты келісімге сәйкес облыстың байланыс және әлеуметтік - экономикалық салаларына жаңа серпіліс берілмек. Қазірдің өзінде өңірдегі екі ірі кәсіпорынмен құны 8 млрд теңгеден асатын келісімшарт жасалынды.

Солтүстік тек астықты өңір ғана емес, сондай-ақ, өндірісі өркендеген аймақ ретінде де белгілі. «ПАМЖЗ», «ЗИКСТО», «ВіоOperations», « С. Киров атындағы зауыт». Бұл кәсіпорындар жаңа кезеңге қадам басып жатыр, сондықтан қаржылай қолдау керек.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Біздің кәсіпорындар үшін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының құрамына енетін ұлттық компанияларымен қоян – қолтық жұмыс істеу өте маңызды әрі тиімді. Сондықтан осыдан бірнеше апта бұрын өңіріміздегі зауыттарға қаржылай қолдау көрсетулеріңізді сұрап, жүгінген болатынбыз. Нәтижесінде міне «С.Киров атындағы» және ПАМЖЗ-мен құны 8,6 млрд теңгенің келісімшаты жасалынды. Бұл былытырғы жылмен салыстырғанда әдеуір үлкен көрсеткіш. 

Петропавл ауыр машина жасау зауыты 2,3 млрд теңгеге арнайы техника жеткізуі тиіс. Ал Киров атындағы зауыт 6,2 млрд теңгенің өнімін шығаруы тиіс. Оның ішінде 3 жылға шақталған ұзақ мерзімді келісім шарттар да бар. Жиында әлеуметтік саланы дамыту жайы да сөз болды. Мысалы облысымыздың кейбір аудандарында ұялы байланыс қызметі нашар, интернет желісі мүлдем жоқ деуге болады. Сондықтан «Самұрық – Қазына» АҚ шалғай елдімекендердегі байланыс  қызметінің сапасын жақсарту үшін «Қазақтелеком» компониясымен бірігіп GSM және  LTE стандарттарының 25 базазлық станциялары салмақшы. Шығынға батқан «ЗИКСТО» зауыты да назардан тыс қалмайды.

АХМЕТЖАН ЕСІМОВ, «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АӘҚ» АҚ БАСШЫСЫ:

- Біз «ЗИКСТО» сынды ірі кәсіпорынмен бірігіп жұмыс істеуге дайынбыз. Бірақ олардың қордаланған қарызы мен атқаруы тиіс  міндеттері бар. Егер олар жағдайды қалыпқа келітіретін болса, келісімшарт жасасып, қаржы құюға әзірміз.

ҰӘҚ басшысы облыстың экономикалық әлеуетіне оң баға беретінін айтты. Зауыттар мен өндіріс орындарын былай қойғанда, аграрлы саламен мақтана аламыз. Мысалы еліміз бойыша жиналатын астықтың 25 пайызы Қызылжардың еншісінде. Жиын соңында екі жақты меморандумға қол қойылды.

Маңызды құжатта жоғарыда аталған салалардан бөлек, балаларды оңалту орталығын қажетті құрал – жабдықтармен қамтамасыз ету, медициналық поездың шалғай станцияларға тегін қатынауын ұйымдастыру, әмбебап спорт ойын алаңдарын салу қарастырылған.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:18, 26 қазан 2020
«AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...