ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА КОРОНАВИРУС ІНДЕТІН 3-ШІ АДАМ ЖҰҚТЫРДЫ Толығырақ

САУМАЛКӨЛДЕГІ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫ НЕ БОЛМАҚ?

17:52, 22 қаңтар 2020

«NUR OTAN»  партиясының СҚОФ төрағасы Құмар Ақсақалов Айыртау ауданында қоғамдық қабылдау өткізді. Кездесуге келген тұрғндардың басты мәселелерінің бірі – қаңыраған көп қабатты үйлердің жағдайы. Қазір Саумалкөлде осындай 17 үй бар. Иесіз қалған баспаналардың мәселесі қашан және қалай шешілмек?!келесі бейнематериалға назар аударайық.

Саумалкөл ауылына кіре берген бетте назарың бірден терезесі үңірейген көпқабатты үйлерге түседі. Жергілікті тұрғындар бұл шағын ауданды «өлі қала» деп те атайды. Татьяна Гайдаренко Құрылысшы көшесіндегі 24 пәтерлі үш қабатты үй тұрғындары атынан кеп отыр. «Қайта құру» жылдары бұл үйлер жарық, жылу, судан толық ажырады. Содан бері тұрғындар пәтерлерін өздері салған пешпен жылытып отыр.

ТАТЬЯНА ГАЙДАРЕНКО, САУМАЛКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Біздің үйге орталықтандырылған су беру жүйесін тартып жатқандықтан, бізді  бірден жылу трассасына  қосса дейміз. «Қайта құру» жылдарынан кейін қанша уақыт өтті, сізден көмек сұрау үшін келіп отырмын.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Өткен жылы Саумалкөл ауылында жылу трассасы жөнделе бастады. Олардың күйі өте нашар. Енді, биыл жаңа қазандықтар орнатып, жылу желісіне қосатын боламыз. Бұл істің басын баяғыда қайырып тастауға болатын еді. Сізге көмек көрсетіледі.   

Саумалкөлде мұндай қараусыз қалған 17 үй бар. Өңір басшысының тапсырмасына сай, жыл сайын екі көпқабатты үйден қалпына келтіріліп отырылмақ. Сондай-ақ, тұрғындарды жақында жабылған ауылшаруашылығы колледжі ғимаратының жағдайы алаңдатып отыр.  Құмар Ақсақалов бұл нысан бос тұрмайтындай, тез арада жаңа жоба құру қажет деген тапсырманы жергілікті атқарушы орган өкілдеріне жүктеді. Ауыз суға қойылған тарифтің құны аудан тұрғындарының көңілінен шықпай отыр.  

Руслан Хисамутдинов те босап тұрған көпқабатты үйлер мәселсімен келген, сондай-ақ өңір басшысына өзі құрастырған еуро-қоршаулар жобасын таныстырды. Құмар Ақсақалов қоғамдық қабылдаудан соң, дайын жобамен жақынырақ таныспақ болды.

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ
17:54, 21 ақпан 2020
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ...
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...