ШҰҒЫЛ! КӨКШЕТАУДЫҢ КӨРКЕЙГЕНІ – ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗДЫ Толығырақ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСКЕ ҚОЛДАУ

20:34, 3 қыркүйек 2019

Шағын және орта бизнестің дамуына Ұлттық қордан 100 миллиардқа жуық теңге бөлінді. Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында ел  экономикасының негізін құрайтын салаға көбірек көңіл бөліп  бизнесмендерге барынша жағдай жасау қажет деп айтты. Өңір кәсіпкерлерлері бұл жаңалықты қуанышпен қабылдады.  

Кәсіпкер Ойрат Мұхамеджанов ауылшаруашылығы техникасын жөндеп, қызмет көсету саласында еңбек етеді. Серіктестіктердің жұмысы өрге басса, оның да ісі жүреді. Жолдауда айтылған кәсіпкерлерге қатысты жеңілдіктер оның да көңілінен шықты. Оның пікірінше, бизнесін енді бастап жатқандарды  үш жылға салықтан босату олар үшін үлкен көмек болмақ.

ОЙРАТ МҰХАМЕДЖАНОВ, СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

Келесі жылдан бастап шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге тыйым салынады. Қолдау болашақта да көрсетіледі. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың да отбасылық бизнеспен айналысуына жағдай жасалмақ.  Президенттің алға қойған мақсаты жаппай кәсіпкерлікті дамыту арқылы масылдықтан арылту. Бұл мақсатқа ұлттық қордан 100 млрд теңге бөлініп отыр.

ЕКПІН ӘБИЕВ, СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

Мемлекет басшысы Жолдауда «тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі» ЕКЕНІН атап өтті. Кәсіпкерліктің дамуы - алдымен ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтиды, жұмыссыздықты азайтады. Ал бұл өз кезегінде,  тұрғындардың әл-ауқатына әсер етпек. 

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...