ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

СҚО - АГРАРЛЫҚ-ИНДУСТРИАЛДЫҚ ӨҢІРГЕ АЙНАЛАДЫ

17:55, 31 желтоқсан 2019

Болашақта  Солтүстік Қазақстан облысы аграрлық -индустриалдық өңірге айналмақ. Жергілікті билік Президент тапсырмасына сай жұмыс жоспарын құрып жатыр.  

Қазіргі таңда шикізаттық емес секторға баса мән берілуде. Айталық, дәнді және майлы дақылдар терең өңделеді. Одан биоэтанол, крахмал, глютен алынады. Негізі экономикадағы 70 пайыз үлесті өңдеу саласы алып жатыр. Тең жартысы азық-түлікке тиесілі. Облысымыздағы салық түсімінің 60 пайызы шағын және орта бизнестен  келеді. Бүгінде іскер азаматтардың көбі құрылыс нарығына тартылуда. Өйткені баспана көптеп тұрғызылады. Бір әттеген-айы тұрғын үйге қажетті материал тапшы. Мәселені шешу жолында облыс әкімінің тапсырмасымен келесі жылы кірпіш зауыты ашылады. Жыл сайын 150 мың дана кірпіш шығарылмақ. Онда 25 адам еңбекке тартылады. 2021 жылға таман Айыртау және Ғ.Мүсірепов аудандарында жасыл экономика бойынша 20 млрд теңгенің жобасы жүзеге аспақ. Сағатына 50 мегават тоқ  өндіретін жел генераторлары орнатылмақшы. Петропавл ауыр машина жасау зауыты биылдан жаңа жобаны қолға алып, термовагондар құрылысын игеруде. Өндіріс жолға қойылғанда, жыл сайын 1200 вагон шығару жоспарда бар. 200 тұрақты жұмыс орны құрылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек айтты. 

ДӘУРЕН ЖАНДАРБЕК7 ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Өңірде машина жасау бағыты бойынша көрсеткіш төмен болды.  «Зиксто» және Петропавл ауыр машина жасау зауытындағы жобалар белгілі бер себептерге байланысты тежелді. Келесі жылы жұмыстар жаңғыртылмақ. Петропавл ауыр машина зауыты жылына 1200 термо вагон құрастырмақ. Ал Киров зауыты келешекте компьютерлер шығарады.  Сондай-ақ, өңірімізде кен орындарын игеру жанданып келеді. Оған құйылған инвестиция 1,5 есеге өсті.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ
17:54, 21 ақпан 2020
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ...
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар