ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДЫ СУМЕН ҚАМТУ Толығырақ

«СОЛТҮСТІК СОЯСЫ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ

20:37, 7 қазан 2019

Өңірге жұмыс сапарымен ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров келді. «Солтүстік соясы» пилоттық жобасының іске асырылу барысымен танысты. Жоба сәтімен жүзеге асқан жағдайда,  болашақта соя сіңірілген 20 мың гектар бірнеше есеге ұлғайтылмақ.

«Солтүстік соясы» жобасы көктем мезгілінен жүзеге асырыла бастады. Өңір аграрийлері бұршақ тұқымдасын 20 мың гектарға сіңірді.  Гектар шығымдылығы 20 центнерге жеткен. Солтүстік үшін бұл жақсы көрсеткіш.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

- Зауыттар, әзірге,толық қуатында жұмыс істеп тұрған жоқ. Ел бойынша соя егілетін алқаптардың аумағын ұлғайту керек. Небары 125 мың гектарға себіледі. Алдағы уақытта осы дақыл түрімен айналысатын тауарөндірушілерді қолдау жағын қарастырамыз. Сояға сұраныс жоғары. Эконмикаға тиімді.  Басқа мемлекетті қоспағанда, Қытайдың бір өзі жыл сайын 90 млн тонна соя тұтынады.

Соя тұқымын Австрия, Алтай өлкесінен  алып келген. Мамандардың мәліметінше, біздің климатқа оңай бейімделетін көрінеді. Тоннасын 160 мыңға сатып алған. Жұмсалған қаражаттың тең жартысы субсидия түрінде қайтарылады. 

АНАТОЛИЙ РАФАЛЬСКИЙ, «ТАЙЫНША АСТЫҚ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Көп табыс әкелетін дақыл түрлерін мейлінше молынан егу керек. Соның ішінде сояны ерекше атап өтер едім. Нарықты іздеп қиналмайсың, өтімділігі де жақсы. Соя бірнеше ондаған жыл жоғары сұраныста болады. Сондықтан қорықпай себу қажет. 

Соямен айналыса бастау үшін, бастапқыда әрине қаржылай салым салу керек. Тұқым, минералды тыңайтқыштар мен қопсытқышьы сатып алу тағы бар. Өңір аграрийлері нәтижені көрген соң , біразы келесі жылы аталмыш дақылды  егуді жоспарлаған. Биыл жиналған өнім  сатылмайды, тауар өндірушілерге тұқым түрінде өткізілмекші. 

ҚҰДАЙБЕРГЕН ҚАЛИЕВ, АГРОНОМ:

Министрлік өкілдерінің айтуынша, келесі жылдан бастап соямен айналысам деген кәсіпкерлерге қолдаудың түрлері артатын болады.   

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ
17:54, 21 ақпан 2020
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ...
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ЖАҢА РЕФОРМА КҮТУДЕ
13:01, 28 мамыр 2020
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ЖАҢА РЕФОРМА КҮТУДЕ
Толығырақ...