ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ Толығырақ

ВАЛЮТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ЗАҢ

17:53, 12 маусым 2019

1-ші шілдеден бастап елімізде «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» жаңа заң күшіне енеді. Осыған орай өңірдің ірі кәсіпорындарының есепшілеріне арналған семинар өтті. Ол ұлттық банктің филиалында ұйымдастырылды.

Заң жобасының негізгі міндеті –валюталық операциялардың статискалық мониторингін қамтуды кеңейту және шетел валютасын ел аумағында есеп айырысуларда пайдалаунуды қысқарту. Аталмыш заңды жүзеге асыру мемлекеттен ақшаны сыртқа шығаруды азайтады деп күтілуде.

ТАТЬЯНА СИНИЦЫНА,  ЖШС БАС ЕСЕПШІСІ:

- Семинардан көп қажетті мәлімет алдым. Валютаға қатысты заң 1ші шілдеден бастап өзгереді. Сондықтан әр жаңалықты осындай жиындардан біліп отырамыз. Заң аясында жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Заң жобасына сәйкес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспорты мен импорты бойынша шарттарға есептік тіркеу рәсімі қолданылады. Бұл валюталық бақылаудың тиімділігін арттыру және вақша түсімін  елге қайтару үшін шарттардың толық орындалуын  қамтамасыз етеді.

ЖАНАР ИСКАКОВА, «ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ» РММ СҚОФ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Семинардың бүгінгі тақырыбы - экспорттық және импорттық операциялар, валюталық іс әрекеттің мониторингісі, есептерді веб порталда көрсету. Яғни кәсіпорындардың есебін Ұлттық банктің порталы арқылы көрсетуге болады.

Жаңа заң қарапайым азаматтарға әсер етпейді. Себебі өзгерістер ірі валюталық операцияларға қатысты.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...