ШҰҒЫЛ! САЯСИ КЕҢЕСТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ Толығырақ

ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ ЖЕКЕМЕНШІК ҰЙЫМДАРҒА КӨШЕ МЕ?

17:52, 26 қыркүйек 2018

Заңнамаға енген өзгерістерге сәйкес, енді минималды және максималды зейнетақының мөлшері қандай болдыБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жиналған қаражатты қайда инвестициялайды және одан салымшылар үшін пайда бар маЗейнетақы қоры жекеменшік ұйымдардың қолына берілетіндігі рас па? Осы және зейнетақы жүйесіне қатысты тағы басқа мәселелер мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің ведомствоаралық комиссиясының отырысында қаралды.

Заңнамаға енген өзгерістерге сәйкес бірінші шілдеден бастап зейнетақыны тағайындау әдісі жаңартылды. Енді базалық зейнетақының мөлшері азаматтың еңбек өтіліне тікелей байланысты.

ГҮЛБАҚЫТ МАНАБАЕВАЕҢБЕК, ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН   ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі және содан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі алынатын болады. Осы еңбек өтілі қосыладыБүгін күнкөріс минимумының 100пайызын құрайтын, яғни 28284 теңге базалық зейнетақы төлемдерін 49,5 мың адам немесе зейнеткерлердің жартысына жуығы алады.

Жиынға қатысқан комиссия мүшелері мен шақырылған ақсақалдар зейнет саласының мамандарына сұрақтарын жаударды.

ГҮЛБАҚЫТ МАНАБАЕВАЕҢБЕК, ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің облыста зейнетақы төлемдерін 103,2 мың адам алады. Оның 10,9 мыңға жуығы максималды көлемдегі зейнетақыға ие. Бүгін бұл көрсеткіш 82 973 теңгені құрайдыЖасына байланысты минималды төлемдер 9,5 мың адамға төленіп отырады. Минималды зейнетақының мөлшері бүгін 33745 теңге. 

Кезінде жеке кәсіпкерлер салық заңнамасына сәйкес, зейнетақы қорына  бір тоқсанда бір рет төлеп отырған. Жаңа әдіс бойынша бұл төлемдер бір ай үшін деп есептелетін болды. Жиын қатысушыларын мәселелерін қалай шешуге болатыны да қызықтырды. Департамент басшысының орынбасары Гүлбақыт Манабаева еңбек өтілін тек сот арқылы дәлелдей алатындығын жеткізді. Оның айтуынша қазір облыстық  соттарда осындай  60 іс қарастырылып келеді. 50 жастан асқан азаматтар зейнет төлемдерін ертерек ала алады. Ол үшін жиған тергендерін сақтандыру компаниясына аударған жеткілікті. Алайда мұнда да өз шарттары бар.

ҒАЛИЯ МҰҚАНОВА, «БЖЗҚ»АҚ СҚОФ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Ер адамдардың салымы 9 млн теңге, әйелдердікі 12 млн теңгеден асуы тиіс. Ай сайынғы төлемдерді компания өзі бекітеді. Кейін зейнет жасына шыққан кейін адам базалық және ортақ зейнетақыны да қоса алады.

Комиссия мүшелері, әлеуметтік желілерде көп сұрақ тудырған мәселеніде қозғады. Бірыңғай Жинақтаушы зейнетақы қоры жекеменшік компаниялардың қолына тапсырылады деген ақпараттар тарап жатыр. Мамандар мұны былайша түсіндірді.

РАМАЗАН МҰҚАНОВ, «БЖЗҚ»АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

- Бұл ақпарат әлі нақты емес. Республикалық деңгейде мәселе қозғалғаны рас. Үкіметте айтылған ұсыныс бойынша азаматтардың салымдары бұрыңғысынша Қордың қарамағында болады. Алайда тұрғындардың қалауы бойынша, зейнет төлемдерін қабылдау қызметін жекеменшік ұйымдарға тапсыруға болады.

Ведомствоаралық комиссияның мүшелері жұртшылық арасында зейнетақыны жаңаша тағайындауға қатысты көптеген сұрақтар туындап жатқандықтан БАҚ мен әлеуметтік желілерді пайдаланып көбірек ақпараттандырып отыруға кеңес берді.      

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, зейнетақы қоры, қоғам

Тақырып бойынша материалдар

 10 АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ БАҒАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАНАДЫ
20:32, 20 тамыз 2019
10 АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ БАҒАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...