ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

ЖАҢА СҮТ-ТАУАРЛЫ ФЕРМА АШЫЛДЫ

20:34, 4 қазан 2019

Егер төрт түлік ауырып қалса, смартфонға хабарлама келеді. Меңгесер ауылындағы «Мәмбетов и К» командиттік серіктестігінде жаңа сүт-тауарлы фермасы өз жұмысын бастады. Ол озық технологиялармен жабдықталған. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов мамлют ауданына іс-сапармен барып, серіктестіктің жұмысымен танысты. Сондай-ақ, ауылдарды аралады.  Толығырақ әріптесім баяндайды.

Токаревка ауылының тұрғындары бұрын таза суды  су мұнарасынан алып отырған. Бүгінде мұнда орталық су жүйесі қосылды.  Былтыр, «Құландай» ЖШС өз қаражыты есебінен жалпы сомасы 7 млн.теңгеге су құбырларын жөндепті. Нәтижесінде 14 құдық а орнатылған. Енді, аталмыш елдімекеннің тұрғындары суды үйге өзкізе алады.

РАМИЛЬ БАТЫРБАЕВ, МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ СӘУЛЕТ, ҚҰРЫЛЫС, ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қазіргі уақытта Воскресеновка, Леденево, Искра, Афонькино, Дубровное, Ленин және Қызыл әскер ауылдарында су құбырлары жөнделіп жатыр. Оған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы тапсырыс берді. Конкурс жарияланып, мердігерлер жұмысқа кірісіп кетті. 

Өңір басшысы «Становое- Новомихайловка» бағытындағы жолды сынға алды. Мұнда ескі  жолдарды қалпына келтіру жұмыстары сапасыз орындалған.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Жұмыстар біздің бақылауымызда болады. Оның барлығы зертханалық сараптамадан өтеді. Сондықтан бірден сапалы істеу қажет. Талапқа сай болмаған жағдайда сіздерге айыппұл салынады.


Сондай-ақ, облыс әкімі көп ұзамай жергілікті жолдарда жүк көліктерінің жүріп өтуіне тыйым салатын белгілер орнатылатынын атап өтті. Құмар Іргебайұлы кәсіпкерлерге қарапайым адамдардың жақсы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасау керектігін тапсырды. . «Новомихайловское-2003» ЖШС өз қызметкерлері үшін жыл сайын жайлы баспана салып, көпке үлгі болып келеді.

ГЕННАДИЙ ЩЁГОЛЕВ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ:

- Тұрғын үй 130 шаршы метрді құрайды. Ауылда су құбыры жоқ. Сондықтан, біз сыйымдылығы көп ыдысты жердің астына көміп, насос қойдық. Ыстық және суық су бар. Ұзақ жанатын пештер орнатылған.

Өңір басшысы жаңа қоныс иелерін құттықтады.  

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі-адамдар үшін жақсы жағдай жасау. Біздің өңірде жыл сайын осындай үйлер көптеп салынуы тиіс.

Бұдан соң, Құмар Іргебайұлы «Новомихайловское 2003» ЖШС болып, орақ науқанының барысымен танысты. Мұнда жергілікті диқандар егіс алқабына минералды тыңайтқыштарды сіңіруге   басымдық берген. Оған қоса, заманауи технологиялар өз жемісін берді.

- Майлы дақылдардың өнімділігі гектарынан 20 центнерден шықты. Бір гектардан серіктестік 260 мың теңге алады. Заманауи технологияның арқасында біз ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, жақсы жетістіктерге жетіп отырмыз. 

Биыл өңірде 4 ірі сүт-тауарлы ферма іске қосылды. Жергілікті кәсіпкер Еркебұлан Мәмбетов «Аграрлық несие корпорациясы» қолдауының арқасында несие алған. ферманың құрылысына өткен жылы кірісіпті. Бүгінгі күні мұнда 700 бас сүтті симментал ірі қара өсіріледі. Жоба құны- 2.3 млрд теңгеге жеткен. Нәтиежесінде 35 жаңа жұмыс орны пайда болды.

ЛЮДМИЛА ИЛЬИНА, ОПЕРАТОР:

- Жұмысым өзіме ұнайды. Барлық жағдай жасалынған. Әрине, заманауи жабдықпен жұмыс істеу ыңғайлы. 

Барлық соңғы үлгідегі жабдықтар Германия елінен сатып алыныпты. Мұнда цифрландыру жүйесі де жақсы жолға қойылған. Арнайы датчиктер арқылы қара малдың жай-күйін бақылауға болады.  

- 4 ферма өндірісті жылына шамамен 11 мың тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл- біздің өңдеуші кәсіпорындарға ауырпалық әкіліп отыр. Тиісінше кейбіреулері өндіріс алаңын жаңартып отырады.

Жыл сайын мұнда бір сиырдан 6 мың литр сүт немесе тәулігіне 6 тонна сүт алу жоспарланып отыр. Сүттің бір литрі 145 теңгеден саудалануда.

ЕРКЕБҰЛАН МӘМБЕТОВ, «МӘМБЕТОВ и К» КОМАНДИТТІК СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Сапар соңында облыс әкіміне меңгесер көлінің жағасында салынуы тиіс емдеу-курорттық аймағының эскизі көрсетілді.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ
17:54, 21 ақпан 2020
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ...
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар