ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНАН БИОЭТАНОЛ ӨНДІРІЛЕДІ

17:53, 7 қазан 2019

Тайынша ауданындағы «Bio Operations» зауыты өндіріс көлемін арттырмақ. Биылдың өзінде КӘСІПОРЫН глютен шығару үшін екінші тармақты іске қосады. Ол үшін шетелден 6 млрд теңгеге жаңа құрылғылар әкелінді. Сондай-ақ желтоқсан айында көптен күткен биоэтонол өндірісі жолға қойылады. Облыс әкімі зауытта болып болып, жұмысымен танысты.

Ауданға іс-сапарын облыс әкімі Республикамызда баламасы жоқ «Bio Operations» зауытынан бастады. Бүгінде ірі кәсіпорын облыс экономикасының әлеуетін арттыруға өзіндік үлесін қосуда. Мұнда 300-ден астам аудан тұрғыны напақасын тауып, отбасын асырап отыр. 2017 жылы  жұмысын бастаған өндіріс ошағының бүгінде қарқыны жаман емес.

АЛМАС ҚАЛМУРЗИН, «Bio Operations» ЗАУЫТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Біздің зауыт дәнді терең өңдеп, одан құрғақ кілегей сондай-ақ крахмал өндіреді. Сондай-ақ жем азық пен жарма шығарамыз. Жуық арада биэтонол өндірісі жолға қойылады. Жақында глютен шығаруға арналған екінші тармақты іске қосамыз. Бұл өнім көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік бермек.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

- Кәсіпорынның жұмыс қарқыны артып келеді. Өндіріс ошағы күніне 140 тонна кілегей, 50 тонна крахмал шығарады. Өнімге деген сұраныс жоғары. Бүгінде АҚШ, Еуропа елдері, Орталық Азия және көрші мемлекеттермен экспорт жөнінде келісімшарт жасалған.

Сұраныс өскен сайын өнім көлемін арттыру керек. Оған кәсіпорынның қауқары жетеді. Қажетті инвестиция бөлінді, енді іске сәт. Ең бастысы Қазақстанда бұл зауытқа бәсекелес болатындай өндіріс ошағы жоқ. Шет елдерде де санаулы ғана.  Осы мүмкіндікті пайдалынып әлемдік нарықта өз орынын ойып тұрып алу қажет. Бидайды терең өңдеп, ешқандай қалдық шығармайтын зауыт қазіргі таңда 3 сұрыпты ұн өндіріп өзге елдерге экспорттауда. 3 сұрыпты  ұн алу үшін кәсіпорын оған кілегей қосады екен. Бұл тың тәсілді облыс әкімі қолдап отыр.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Бұрындары біз үшінші сұрыпты  ұн алу үшін 3-і мен 4-ші классты ұнды араластыратынбыз. Ал енді тек кілегей  қоссақ жеткілікті. Табиғи таза өнім шығады. Бұл өте тиімді тәсіл. 

Қазақстан ұн экспорты бойынша әлемде үшінші орында. Жыл сайын тек біздің өңірден ғана мыңдаған тонна ас атасы түрлі елдерге жөнелтіледі. Биыл жауын шашынның кесірінен дәннің сапасы былтырғыға қарағанда төмендеу. Дегенмен бұл кәсіпорынға айтарлықтай қиындық туғызбайды.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

- Биоэтонол, кілегей, крахмал және жем мен жарма шығару үшін кәсіпорынға жылына 200 мың тонна бидай қажет. Ол жерлгілікті фермерлерден сатып алынады. Бірақ кәсіпорынның диқандарға қояр талабы бар. Мысалы астық 3 классты және оның натурасы 750-ден кем болмауы керек

Зауытты заманауи құрылғылармен қамтамасыз ету үшін 11 млрд теңге инвестиция құйылған. Оның 5 млрд-на кәсіпорынның бірінші тармағы іске қосылса, тағы 6 млрд теңгеге соңғы үлгідегі жабдықтар сатып алынып, осы айда екінші тармақ жұмысын бастайды. Бұл өнім көлемін күніне 550 тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Тың технологияны іске қосу үшін 14 қараша күні Гермаиядан арнайы мамандар келеді. Ал биоэтонол өндіру үшін Франциядан қажетті құрал-жабдықтар әкелінген.

 ӘЛИХАН ТАЛҒАТБЕК, «KazFoodProducts» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ, ИНВЕСТОР:

- Қазіргі таңда электро үнемдегіш құрылғыларды орнатып жатырмыз. Сондықтан мұндағы біраз жабдықты ауыстыруымыз керек. Электрлық басқару жүйесін ьолығымен өзгнертеміз. Одан бөлек мұнда мыңнан астам датчиктер бар, бз олардың барлығын тексеріп, алмастырдық. Сондықтан атқарылатын жұмыс қарқыны ауқымды. Дегенмен межелі мерзімде биоэтонол өндіре бастаймыз.

Келесі жылдан бастап жаңа жұмыс орындары ашылады. Қазір зауытта 300-ден астам адам еңбек етсе, келер жылы саны 500-ге жетпек.Тағы бір айта кететін жайт биыл  Тайыншада ашылған «МС Агро» ЖШС шошқа кешені «Батерек» венчерлік қорымен келісімшартқа отырыпты. Қор серіктестікке 3,8 млрд теңге инвестиция құймақ. Осының арқасында кешен жылына 50 мың емес, 100 мың бас шошқа өсіруге мүмкіндік алады. Тиісінше жыл басында жоспарланғандай Қытайға талпақ танаудың еті экспортталмақ. Өндіріс ошағын аралап болған соң облыс әкімі «БайРек» ЖШС, бұрңғы «Тайынша Элеваторына» ат басын бұрды. Қойма 2019 жылдың қаңтарынан бастап тұр. Енді оны «Bio Operations» зауытының инвесторлары сатып алмақ.  

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Қазір облыста  проблемалық 5 элеватор бар. Бірнеше жылдың жүзі болды мәселе шешілер емес. Биыл астықтың басым бөлігі ылғал күйінде бастырылды. Сондықтан жуық арада бұл түйткілдің шешімін табуымыз керек. 

Кәсіпкерлер әзірге элеватордың тек бір бөлігін ғана пайдалануда.   Сыйымдылығы 108 мың тоннаны құрайтын қойма осыған дейін «Холдинг Алиби Гроупқа» тиесілі болған. Элеватор жанында жем – азық дайыдайтын бордақылау алаңы да бар. Оны да инвесторлар жаңғыртып, пайдаға жаратуды көздеп отыр.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ
17:54, 21 ақпан 2020
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЗАУЫТТАРДЫҢ ӨНІМІН САТЫП АЛАДЫ...
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:38, 18 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар