ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ Толығырақ

№12 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЙЫ АВТОБУС БӨЛІНБЕК

20:46, 16 қараша 2020

Петропавл қаласы әкімінің есептік кездесуінде тұрғындардан түскен  өтініштер орындалып жатыр. Солардың бірі -  №12 орта мектебінің оқушыларын арнайы автобуспен жеткізу мәселесі.  Қалалық  маслихат депутаттары бұл сұрақты кезекті отырыстың күн тәртібіне шығарды.

№12 орта мектептің оқушылары, сабаққа бару үшін күн сайын 4 шақырымды жүреді.  Кейбірі Мамлют тас жолында орналасқан аялдамаға кеп, автобус күтеді. Кірпіш ауданында осы мектептің 60 оқушысы тұрады.  Сондықтан, ата-аналар қала әкімінің есептік кездесуінде балаларға автобус бөлу туралы ұсыныс жасаған еді.

ДИНАРА РАКИШЕВА , ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ М.А.:

- Автобус балаларды тасымалдау үшін 4 шақырым жүреді. Келесі жылы 22 орындық автобусты сатып алу үшін білім басармасына бюджеттік өтініш дайындадық   Көлікті сатып алу үшін шашамен  20-30 млн теңге қажет. Құрметті депутаттар, бұл мәселе сіздердің қолдауларыңызбен шешіледі деп ойлаймын. 

Мәселені жан-жақты қарап, саралай келе депутаттар балалардың қауіпсіздігі үшін автобус бөлу қажеттігін мақұлдады.  Жиын барысында депуттар қалалық бюджеттің жобасын қарастырды.   Мемлекет қаражатын үнемдеудің арқасында біраз жұмыстарды атқару мүмкін болған.    

ЖАНБОЛАТ  БАТЫРБЕКОВ , ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Уалиханов көшесінде салынып жатқан 900 орынға шақталған  жаңа мектептің химия, биология және физика кабинеттеріне қажетті технологиялық құрылығларды сатып алу үшін  8 млн теңгебөлінген.  Крупская атындағы мектептің ағымдық жөндеуіне  1млн 776 мың теңге жұмсалды.

Жиын барысында қалалық депутаттар жылжымалы сауда орындарын ұйымдастыру, Қазақстан мен Ресей шекарасын карантин кезінде өту мәселелерін де қарастырды.

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
20:37, 24 қараша 2020
ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
Толығырақ...
БАЛАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУДЫҢ АМАЛЫ -  ҚАШЫҚТАН ОҚУ
20:40, 20 қараша 2020
БАЛАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУДЫҢ АМАЛЫ - ҚАШЫҚТАН ОҚУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...