ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ Толығырақ

АБАЙ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

20:45, 20 қараша 2020

Бүгін Қозыбаев университетінде «Қозыбаев оқулары – 2020: заманауи қазақстандық ғылымның даму басым бағыттары, жетістіктері мен инновациялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған бірнеше елдің ғалым, зертеушілері қатысты. Шара аясында оқу орынында жаңадан ашылған «Абай» кабинетінің де таныстырылымы өтті.

Биыл Манаш Қозыбаевтың туғанына 89 жыл. Осыған орай халықаралық конференцияға жиналғандар алдымен оқу орының алдындағы дара тұлғаның манументіне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен АРУАҒЫНА тағзым етті. Сондан соң университеттің 3-ші корпусында жаңадан ашылған «Абай» орталығының жұмысымен танысты. Онда  ұлы ақын, ойшылдың кітаптары, өмірбаяны мен еңбектері жазылған бірсыпыра материал бар.

ВЯЧЕСЛАВ КИМ, «KIM KOMPANY» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Бізге университет өкілдерінен тапсырыс түсті. Осы кабинетті заман ағымына сай етіп ұйымдастыру керек болды. Қуанышқа орай, көздегенімізге жеттік. Кабинет заманауи үлгіде безендірілді. Мысалы арнайы қосымша арқылы кабинеттегі суреттерге телефоныңызды тұтсаңыз жеткілікті. 2D, 3D форматтарында қапарат аласыз. Жай ғана ақпарат алып қана қоймай оны аудио форматында тыңдай аласыз

«Қозыбаев оқулары – 2020: заманауи қазақстандық ғылымның даму басым бағыттары, жетістіктері мен инновациялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы биыл ерекше маңызға ие. Өйткені ол онлайн форматта өтіп, оған АҚШ, Қытай, Литва, Болгария, Ресей және Қырғызыстанның ғалым, зерттеушілері қатысты. Олар «Зум» қосымшасы арқылы қазіргі замандағы ғылым мен білім саласының өзекті мәселелерін талқылап, жоспарланған әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жағын сөз етті.

ЕРБОЛ ИСАҚАЕВ, KOZYBAYEV UNIVERSITY БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ-РЕКТОРДЫҢ М.А.:

Конференция жұмысына 300-ден астам баяндама келіп түсті. Қуантарлығы келіп түскен ғылыми жұмыстардың 170-ден астамы студенттерден. Конференцияның мақсаты қазақстандық және шетелдік ғалым, зерттеушілерді біріктіріп, өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жарату

Конференция 60 секцияны қамтыды. Оның ішінде ғылымның түрлі саласы бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл жиын келер жылы да кең көлемде өтпек.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
20:37, 24 қараша 2020
ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
Толығырақ...
БАЛАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУДЫҢ АМАЛЫ -  ҚАШЫҚТАН ОҚУ
20:40, 20 қараша 2020
БАЛАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУДЫҢ АМАЛЫ - ҚАШЫҚТАН ОҚУ
Толығырақ...
№12 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЙЫ АВТОБУС БӨЛІНБЕК
20:46, 16 қараша 2020
№12 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЙЫ АВТОБУС БӨЛІНБЕК...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...