ШҰҒЫЛ! БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ Толығырақ

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА МЕКТЕПТЕР КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

13:01, 5 маусым 2020

Биыл Айыртау ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 1,4 млрд теңгенің 31 жобасы жүзеге асырылмақ. Мектептер мен ауылдық клубтарға, жолдарға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалады. Нәтижесінде жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыруға да мүмкіндік тумақ.

Қазіргі уақытта елді мекендерде қоршаулар мен ауыл ішілік жолдар, балалардың ойын алаңдары қайта қалпына келтірілуде. Тек Саумалкөлдің өзінде  биыл екі спорттық ойын-сауық алаңы ашылмақ. Су құбырын, жылу желісін ауыстыру және  модульдік қазандықты орнату жұмыстары да басталып кеткен.

ДАРХАН ӘМРИН, АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

 – Кирилловка ауылындағы мәдениет үйі 30 жылдан бері жөндеу көрмеген. Биыл ақша бөлінді. Казанка мәдениет үйі де кеңес дәуірінен бері бос тұрған еді. Биыл оған күрделі жөндеу жұмыстары жасалмақ. Егер абаттандыру туралы айтатын болсақ, облыс әкімінің тапсырмасына сай  біз әрбір ауылды кешенді түрде қамтуды жоспарлап отырмыз.

Шалқар орта мектебінің  жөндеу жұмыстарына биыл 11 млн теңге бөлінген. Бұл қаражатқа білім ордасының  70 терезесі  ауыстырылып,  спорт залына жөндеу жасалмақ.  Мектеп 1979 жылы салынған. Үш жыл бұрын шатырына күрделі жөнделді. Білім ордасында  70-тен астам оқушы оқиды.

МАНАТ САҚТАҒАНОВ, ШАЛҚАР ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Жыл сайынғы ағымдағы жөндеу кезінде терезе жақтауларын сырлау өте ыңғайсыз болатын. Және қыс мезгілі басталмас бұрын, мектеп іші жылы болу үшін маталар орап,  дайындайтынбыз.  Пластик терезелер орнатқаннан кейін мектебіміз биыл жылы болады деп ойлаймын. 

Бұл Имантау орта мектебі. Бұл жерде  273 оқушы білім алады.  Мектеп 1987 жылы салынған. Содан бері  алғаш рет күрделі жөндеуден өтпек. Білім ордасының шатырын ауыстыруға бюджеттен  86 млн теңге бөлінген. Сонымен қатар, 145 терезе ауыстырылып, қасбеті мен кіреберіс есіктері қайта қалпына келтірілмек. Барлық жөндеу жұмыстарын мониторингтік топ бақылайтын болады.

БАҚЫТ СЕЙТАХМЕТОВА, АЙЫРТАУ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Биыл ауданымызда 4 орта мектеп күрделі жөндеуден өтіп, 1-еуіне  ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Күрделі жөндеу жұмыстарына  393 млн.теңге бөлінген. Шалқар орта мектебінің өзіне 11 млн теңге бөлінді. Қазір біз Имантау орта мектебінде тұрмыз.»Бағжол нс» ЖШС ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗЕТІН БОЛАДЫ. Жөндеу 15 мамырдан бастылып кетті.

Биылғы жөндеу жұмыстарына толығымен отандық құрылыс материалдары қолданылмақ. Сондай-ақ, мердігерлер жергілікті халықты 85 мың теңгеден кем емес еңбекақысы бар жұмыспен қамтуға міндеттелген.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

КОЛЛЕДЖДІҢ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК БАЗАСЫН ЖАҢАРТУ ҮШІН 323 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
17:23, 30 маусым 2020
КОЛЛЕДЖДІҢ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК БАЗАСЫН ЖАҢАРТУ ҮШІН 323 МЛН ТЕҢГЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ
17:16, 10 шілде 2020
БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...