ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТАҒЫ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ Толығырақ

АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚ СЫНЫБЫ

17:58, 9 қазан 2019

Қорған облысының Макушин ауданында алғаш рет қазақ тілі сыныбы ашылды.  Бұл өңірде  тағдырдың жазуымен Ресей азаматы атанған  12 мыңға жуық этникалық қазақ тұрады.

Ересектер үкіметтік емес ұйымдардың құрамында қоғамдық қызметте жүріп, тілді меңгерсе, енді балалар  қазақ тілі сыныбында ана тілдерінт үйренетін болады. Олардың алғашқы мұғалімі – Қорған облысында тұратын, бірақ Петропавл қаласындағы СҚУ колледжін бітірген жас педагог Алтынай Бекешева. Оқушылар мен ұйымдастырушыларды құттықтауға Солтүстік Қазақстан облысынан да делегаттар барды. Олар оқушыларға  ең басты сыйлық ретінде - қазақ тілін үйрену бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді ұсынды. 50-ге жуық оқу құралы балаларға тілді тиімді және тереңдетіп оқыту үшін өте қажет. Мұндай іс-шаралар тек өңірлер арасында ғана емес, сондай-ақ елдер арасындағы қатынастарды нығайту үшін мықты тұғырнама болмақ.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

КОЛЛЕДЖДЕРДІҢ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК БАЗАСЫН  ЖАҢАРТУ ҮШІН 1 МЛРД 263 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
20:36, 25 мамыр 2020
КОЛЛЕДЖДЕРДІҢ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК БАЗАСЫН ЖАҢАРТУ ҮШІН 1 МЛРД 26...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
13:04, 22 мамыр 2020
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...