Мамырдың 4-і М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да өңірлік аудандардың мектеп оқушыларына арналған ашық есік күні өтті. Жиынға 400-ге жуық адам қатысты. Биылғы жылы бұл шара осымен 3 рет өткізілуде. Келесі бейнематериалда толығырақ.
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-мен жақынырақ танысу үшін келген мектеп оқушыларына арналған іс-шара қызықты ойын-сауықтық бағдарламадан басталды. Өткізіліп жатқан бұл кездесудің мақсаты – болашақ студенттерге мамандықты таңдауға көмектесіп, университет туралы толық ақпарат беру. Дәстүрге айналған жиында талапкерлер үшін көптеген хэштегтермен суретке түсуге арналған фотоаймақ пен «Гарри Поттер» қиял-ғажайып кейіпкердің бейнесінде түсірілім жасау мүмкіндігі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, олар университет жайлы түсірілген ролик пен білім ордада өткен түрлі іс-шараларды экраннан тамашалай алды.
Ирина Голодова, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы:
- Бүгін университетімізде кезекті ашық есік күні өтіп жатыр. Өңіріміздің 4 ауданынан мектеп түлектері келді. Биыл аталмыш шараның форматы өзгерді. Біз болашақ студенттерге университеттегі білім алуды ғана емес, сондай-ақ, студенттік өмірдің қызықты жақтарын да көрсетеміз.
Сондай-ақ, жиын барысында әр факультет өз бөлімшелері туралы таныстырылымдар мен көрмелер өткізді.Онда факультет декандары мен оқытушылар мамандықтар туралы, білім алу үрдісі, студенттік өмір және басқа да көптеген сұрақтарды талқылады.
- Мен орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығына оқуға түскім келеді. Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті туралы жағымды пікірлер естідім, сондай-ақ, үйіме де жақын болғандықтан осы ЖОО-ны таңдадым.
ЖОО-ның өнерпаздары түлектердің көңіл күйлерін барынша көтерді. Олар үшін қызықты ойындар мен викториналар әзірленді. Оқушылар да өз тарапынан белсенділік танытып,би билеп, өнерлерін ортаға салды.
Шараның соңында «instagram» әлеуметтік желісіне #меніңтаңдауымСҚМУ, #IloveNKSU хэштегтерімен суреттерін жүктеген оқушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.