ШҰҒЫЛ! «АМАНАТ» САЙЛАУДЫҢ АШЫҚ, ӘДІЛ ӨТУІН БАҚЫЛАЙДЫ Толығырақ

«БАЛА ТІЛІ - БАЛ» ОБЛЫСТЫҚ САЙЫС ӨТТІ

17:51, 15 мамыр 2019

Дәстүрлі түрде балабақшалар арасында өтетін «Бала тілі-бал» сайысының облыстық кезеңі өтті. Өңірдегі үздік деген 6 мекеме ұжымы жиналып, өз бақтарын сынады. Қатысушылар 2 кезең бойынша сынға түсті. Толығырақ арна тілшілері тарқатсын. 

Сайыстың басты мақсаты - балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Аталмыш сайыс қалалық және облыстық кезеңнен тұрады. Қалалық кезеңге 12 балабақша қатысып, өздерін таныстырған. Олардың тек тең жартысы ғана қазылар шешімі бойынша облыстық кезеңге жолдама алыпты.    

ӘСЕМ СҮЛЕЙМЕНОВА, СҚО ӘКІМДІГІ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Бұл байқаудың тақсаты балалрдың бойына отанды сүйуге, құрметтеуге, сахнаға шығып, жұрт алдында сөйлеу біруге үйрету.Тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырып отырғандықтан негізгі мақсат мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту болып табылады.

«Бала тілі-бал»  сайысы осымен 4-ші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Әр балабақшадан  2 тәрбиеші мен 6 бүлдіршін қатысты. Оларға қойылатын талап, үш тілде сәлемдесу мен кез келген ертегінің желісі бойынша мемлекеттік тілде шағын көрініс көрсету.

Бірінші болып сахнаға  "Гулливер" балабақшасының тәрбиеленушілері шықты. Өткен жылы 2-ші орынды иеленген команда осы сайыста бас жүлдеден дәмелі.

МАТВЕЙ ВЕРБЛЮДОВ, «ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК, МЫҢНАН ТҰЛПАР» ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Мен балабақшаға барғанды ұнатамын. Мен ол жақта әрқашан сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие боламын. Бүгінгі өнер көрсеткенім өзіме ұнады.

8 эстетикалық тәрбие мектеп-кешені жанындағы балабақша тәрбиеленушілері  де сайысқа тиянақты дайындалыпты. Алайда, ұранды жаттау қиынға соққанымен, көрініске дайындалу бізге ұнады дейді балақайлар.

ЕЛИЗАВЕТА МАЛЕЖИКОВА, «БІЛГІРЛЕР» ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біз 10 күнге жуық осы сайысқа дайындалдық. Би билеп, ән да айттық. Осы конкурста жеңімпаз атанғымыз келеді.

Сайыс ережесіне сай қалалық және облыстық кезең  жеке-жеке бағаланады. Үздік деп танылған балабақша ұйымдастырушылар  атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, қалалық кезеңде де өнер көрсеткен топтар назардан тыс қалған жоқ

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТТІ
14:37, 15 мамыр 2019
МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...
Ж.СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
21:36, 17 мамыр 2019
Ж.СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
14:40, 17 мамыр 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
Толығырақ...