ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ Толығырақ

БАЛАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУДЫҢ АМАЛЫ - ҚАШЫҚТАН ОҚУ

20:40, 20 қараша 2020

Жаңа оқу жылы басталғалы короновирус инфекциясын 56 мектеп жасындағы бала жұқтырды.  Науқастар санының артуына байланысты, Солтүстік Қазақстан облысы қызыл  аймаққа алынды. Балалардың денсаулығын сақтап, басқа адамдармен қатынасын барынша азайтуда   қашықтықтан оқытудың маңызы зор. Бұны мұғалімдер, ата-аналар тіпті балалар да түсінеді.  

Әсем Құлыбекова С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 18 жылдық еңбек өтілі бар.  Биылғы оқы жылында  ұстаз  шәкірттерін  тек компьютер экранынан ғана көріп  жүр.  Қашықтан оқытуды алғаш меңгере бастағанда біраз қиындықтар болды. Алайда бірнеше оқыту платформаларын байқап, сынай келе, өздері үшін аса ыңғайлысын таңдады. Енді жаңа жүйенің бірқатар артықшылықтары бар екендігі жайында да айта алады.

ӘСЕМ ҚҰЛЫБЕКОВА,    С.ШӘЙМЕРДЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛАССИКАЛЫҚ ГИМНАЗИЯНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

- Сабаққа қатысты, барлық қажетті дүниелерді балаларға беріп жүрміз.  Түрлендіруге тырысамыз.  Барлық әдіс-тәсілдерді қолданып жүрміз.  Видеоны қоланамыз.  Платформамызда кәдімгі тақта да бар. Грамматикалық тақырыптарда өте қажет. ... Шын мәнінде өте қызықты. Жұмыс істеймін деген адамға  өте тиімді. 

Ата-аналардың өтініштері бойынша,  бастауыш сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар жұмыс істейді. Алайда кей ата-аналар, қашықтан білім алу әлдейқайда қауіпсіз деп санайды.  Қазақ мектеп гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Бақытгүл Ахметова, осындай балаларға үйден сабақ береді.

БАҚЫТГҮЛ АХМЕТОВА, ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ:

- Бастауыш сынып оқушыларына қашықтықтан оқу басында біраз қиынға түсті.  Өткені ата-аналар камераға қосылу керек болды.  Қасында отыру керек.  Қазір балалар өздері меңгеріп, сабаққа оңай  қосылып отырады. ...Онлайн оқудың   артықшылығы – балалардың денсаулығын сақтауға көмектеседі. Осыны  біз де, ата-аналар да , тіпті балалар да түсінеді.

Облыстың 73мың 700 –ден астам оқушының 31 мыңы қашықтықтан білім алып келеді. 

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
20:37, 24 қараша 2020
ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
Толығырақ...
№12 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЙЫ АВТОБУС БӨЛІНБЕК
20:46, 16 қараша 2020
№12 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЙЫ АВТОБУС БӨЛІНБЕК...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...