ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ВОЛОНТЕРЛІК ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ Толығырақ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ 88 % МЕКТЕПТЕ ОҚЫП ЖАТЫР

20:45, 10 қыркүйек 2020

Жаңа оқу жылының алғашқы 10 күні де өтті. Өңірдің 345 білім ордасы санитарлық талаптарды сақтай отырып, шттаты режимде жұмыс істеп жатыр. Ата-аналар өтініші бойынша 1651 кезекші сынып ашылып, 20мыңнан астам бала мектепте білім алып жатыр.

СҚО-ДА 477 білім ордасы бар. Олардың 345-і штатты режимде,ал 132сі қашықтан жұмыс істейді. Яғни, өңірдің 31мыңнан астам оқушысы  үшін оқу жылы ерекше форматта басталды. Әлеуметтік жағдайы нашар, көпбалалы және  аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға 15мың компьютер біріліп,  интернет желісін жақсарту мақсатында арнайы роутерлер де табысталды. Облыс мектептерінің 96 пайызы кең жолақты интернетке қосылды.

ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- 1 қыркүйекке дейін жергілікті бюджетті үнемдеу есебінен 1827 компьютер сатып алынды. Бұдан басқа,Үкімет резервінен тағы 12 мыңға жуық компьютерлік техника сатып алуға 1,8 млрд.теңге бөлінді. Жергілікті  Киров зауытынан  1980 компьютер алынып, балаларға табысталды.Осы демалыс күндері тағыда  2566 планшет келеді, 15 қыркүйекке дейін 500 ноутбук жеткізіледі. Қалған техникалар қазан айында табысталады.

Оқу жылы басталғаннан білім беру платформаларының дұрыс істемейтіндігі көптің аузында. Ал  Нұр-сұлтан қаласында зум арқылы математика сабағы өтіп жатқанда бөгде адамдардың араласуы бүкіл елді  дүр сілкіндірді. Алайда облыстық  білім басқармасы осындай оқыс оқиғалардың алдын-алу үшін бар шара жасалды дейді. Білім бөлімдерінің басшыларымен және сынып жетекшілерімен бірыңғай жиналыс өткізіліп, онлайн сабаққа тек тиісті адамдар рұқсатпен қана кіретін болған. Яғни, жүйеге тағы да өзгерістер енгізілген.

ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Егер қашықтан оқыту барысында қандай да бір келеңсіздіктерге тап болсаңыздар, немесе сұрақтарыңыз болса 35-00-07 колл орталығына хабарлассаңыздар болады. 10 күннің ішінде  34 қоңырау түсті.Онлайн сабақтарға бөгде адамдардың араласпауы үшін барлық сақтық шаралары жасалды.

Айта кетейік, жаңа оқу жылында ата-аналардың өтініші бойынша 1651 кезекші сынып ашылып, ол жерде 20 мыңнан астам 1-4 сынып оқушысы білім алуда.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

УНИВЕРСИТЕТ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ТОЛЫҚТЫ
20:50, 30 қыркүйек 2020
УНИВЕРСИТЕТ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...
БОЛАШАҚ ПЕДГОГТАРДЫҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ 42 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ӨСТІ
20:47, 30 қыркүйек 2020
БОЛАШАҚ ПЕДГОГТАРДЫҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ 42 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...
СТУДЕНТ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНА ОҚЫҒАН КЕЗЕҢІН ҒАНА ЕҢБЕКПЕН ӨТЕЙДІ
20:35, 30 қыркүйек 2020
СТУДЕНТ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНА ОҚЫҒАН КЕЗЕҢІН ҒАНА ЕҢБЕКПЕН ӨТЕЙД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
13:08, 25 қыркүйек 2020
ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...