ШҰҒЫЛ! АБЗАЛ ЖАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

«БІЛІМ МЕН ЖҰЛДЫЗ АЙЛАҒЫ» СЫЙАҚЫСЫ ТАБЫСТАЛДЫ

21:27, 19 сәуір 2019

Облыс орталығындағы құрылыс-экономика колледжінің бір топ ұстаздары мен студенттері Кеңес одағының батыры, ғарышкер Александр Викторенка атындағы «білім мен жұлдыз айлағы» атты сыйақымен марапатталды. Үздіктерді авиация генерал-лейтенанты, халық қаһарманы Талғат Мұсабаев құттықтады. Толығырақ келесі бейнематериалымызда. 

Викторенко Александр Степанович 1947 жылы 29 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы қазіргі Шал ақын ауданындағы Ольгинка селосында туған. КСРО ұшқыш­ғарышкері.Өңір мақтанышы. Ғарышкер атындағы «білім мен жұлдыз айлағы» сыйақысы 18 жылдан бері оқуда, өнер мен спорт саласында жақсы нәтиже көрсетіп жүрген студенттерге табысталып келеді. Аталмыш жиынҒа өңір басшысының орынбасары Руслан Алишов қатысып, үздіктерге жүрекжарды лебізін білдірді.

РУСЛАН ӘЛІШЕВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Құрметті жиынға келушілер бүгін біз тарихи кездесуге куә болып отырмыз десекте болады. Өйткені, Бүгін біздің жерлесіміз Александр Степановтичтың атындағы премияны табыстауға келіп отырмыз. Талғат Мұсабаев та осы жиынға қатысып отыр. Келген қонақтарға алғыс айтып, үздіктерді шын жүректен құттықтаймын.

Бүгінгі жиында оқу орнының 12 студенті мен 8 оқытушысының еңбегі еленді.  Үздіктерді қазақтың 2-ші ғарышкері , халық қаһарманы Талғат Мұсабаев марапаттады.

ТАЛҒАТ МҰСАБАЕВ, ҚР АВИАЦИЯ ГЕНЕРАЛ-ЛЕЙТЕНАНТЫ,  ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ:

- Бүгін міне өзімнің жақын досымның атындағы сыйақыны табыстадым. Өкінішке орай денсаулығына байланысты өзі келе алмады, онлайн жүйегеде шыға алмады. Барлық студенттер мен оқытушыларды құттықтаймын. Оқулары мен жұмыстарына тек қана табыс тілеймін.

Аталмыш сыйақы 2002 жылдан бері дәстүрлі түрде табысталады. Оған Колледж өмірінде белсенді студенттер мен  өз жұмысына жауапкершілікпен қараған ұстаздар ғана лайықты. Солардың бірі Арайлым Смағұл. 2017 жылы Серпін бағдарламасы арқылы есеп және аудит бөліміне оқуға түсіпті. Оқу бітіргеннен соң еңбек жолын солтүстікте бастасам деген арманы бар екен.

Жиын барысында келушілерге оқу ордасының өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар