ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

20:32, 21 қазан 2019

Еліміздегі мектептер 2021 жылдан бастап 12 жылдық білім беру жүйесіне көшірілмек. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәжілісте өткен үкімет сағатында осылай деді. Оның айтуынша қазіргі бағдарлама 95 пайызға жаңартылған. Яғни жаңа жүйеге өту процессі біртіндеп жүзеге асып жатыр.

12 жылдық жүйе осы принцип бойынша жүзеге асырылмақ. Яғни бастауыш 5 сыныпқа дейін, одан соң 6дан 10 сынып аралығы және 11-12 сыныптар. Дегенмен мәжіліс депутаттары мектеп бағдарламасы дайын болғанымен біздің материалдық техникалық базамыз әзірге ақсап тұрғандығын алға тартты.

ӘБДІМАНАП БЕКТҰРҒАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Бұл бәрі дұрыс. Ал енді қарасаңыздар бұрын 0 класта оқып жүрген балалар балабақшада жүретін. Мектепте жүретін. Ал енді 2021 жылдан бастап, бірінші класстың балалары ол толық мектепте болады. Соған байланысты қазір өзі еліміздің өзінде 3 аусымды мектептер мен апатты жағдайдағы мектептер шешілмей жатыр ғой. Осыған байланысты енді кішкене ойлануымыз керек.

Иә, қазір еліміз бойынша 36 апатты және 125 3 аусымда оқитын мектеп бар. Жыл сайын білім ошақтары салынғаны мен халықтың демографиялық өсімі мен көшіп қону динамикасына ілесе алмай тұр. Министр мәселені шешу үшін ауқымды жұмыс жасалып жатқанына тоқталды. Бірақ, мәселе толық шешілетін уақытты дөп басып айта алмады.

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

- Біріншіден ол мемлекет тарапынан қаржыландыру. Мектептерді салу. Біріншіден. Екіншіден ол жекеменшік серіктестік арқылы осы мәселені шешу. Сондықтан осы 2 тетікті пайдалана отырып осы проблеманы шешеміз деп ойлаймыз.

Мектеп бағдарламасына қатысты да депутаттар өзекті сұрақтар қойды.

ОМАРХАН ӨКСІКБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Әліппені әлі толық игермеген балаларға біз ғаламдық мәселелерді үйретіп жатамыз. Жердегі мәселені толық игермеген балаларға ғаламдық дүние неге керек екен? Соны мен түсінбеймін. Кішкене соны да бір реттейтін уақыты келді ғой деп ойлаймын.

Министр болса бағдарлама әлі де жетілдірілетінін, мәселе шешілетінін айтты. Келесі мәселе мұғалім мәртебесі. Депутаттардың пікірінше

БЕКБОЛАТ ТІЛЕУХАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Жақсы бітіргендердің бәрі халықаралық бірдеңеге барады, мұнайға барады. Басқаға барады. Сөйтеді де мына двоещник троещниктеріңіз барады мұғалім болуға. Өзі үштікке бітірген бала екілікке бітіретін баланеы дайындайды. Мұғалімнің қауқары өте нашар. Мұғалім әлсіреген қоғам, мектеп әлсіреген қоғам ол құрдымға кетеді.

Иә орта білімнің сапасы сын көтермейді. Және ол жуық арада ретке де келмейді. Бекболат Тілеухан түбегейлі өзгеріс болмаса еш өзгеріс болмайтынын сенімді айтты.

БЕКБОЛАТ ТІЛЕУХАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

-Басхат жас жігітсің. Азаматсың ғой. Енді бір қажыр қайратпен осы мәселеге кірісейікші. Тап осы мәселе шешілетін болса депутаттық мандатымды беріп бар ғой сенің қабылдау бөліміңе барып, көмекші болып, хатшы болып баруға дайынмын.

Осы сөздерден соң Асхат Аймағамбетов күрмеуі қиын көп мәселелерді шешу үшін үлкен өзгерістерді бастай ма деген үміт бар.

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛ  ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ  КОЛЛЕДЖІНЕ 89 ЖЫЛ
20:48, 20 қараша 2019
ПЕТРОПАВЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНЕ 89 ЖЫЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...