ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТАЙЫНША АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ Толығырақ

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20:43, 13 ақпан 2020

2019 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық біліктілік  тестілеуінің нәтижесінде облыс педагогтары республикалық рейтингте бірінші орынға шықты.   Сондай-ақ, өңірдің 7 мектебі «ҚР ең үздік мектебі» тізіміне енді.  Және облыс оқушыларының 95 пайызы жаңартылған білім беру жүйесіне көшкен. Облыстың білім саласындағы жетістіктері   кеңейтілген алқа отырысында айтылды. Биыл мектептерде  қандай өзгерістер болмақ? Арна тілшілері баяндасын.

Биылғы  басты жаңалық президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сай  «Педагог мәртебесі» заңы күшіне еніп, ұстаздар жалақысының 25 пайызға өсуі болып отыр. Әрине бұл өзгерістен облыс ұстаздары да шет қалған жоқ. Сонымен қатар, биыл БҒМ тапсырмасымен, көптеген заңдарға да өзгерістер енгізілді.

ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Қазіргі уақытта облыс бойынша барлық мектеп мұғалімдеріне үстемеақылары беріле бастады. Министрліктің ресми сайтынан кез-келген ұстаз арнайы калькулятор арқылы жалақыларын есептей алады. Және биылғы жылдың басты жаңалығы басқарма басшылары білім бөлімдерінің басшыларын өздері тағайындап, немесе лайықты деп санамаса лауазымынан шеттете алады. Бұл кадрлық құрамның сапасын жақсартуға да мүмкіндік бермек.

Кадрлық құрам демекші, қазіргі уақытта облыста 40 мектеп директорының орны бос тұр. Бұл мәселе наурыз айына дейін өз шешімін табады дейді мамандар. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, облыстың 95 пайыз оқушысы жаңартылған білім беру жүйесіне көшсе, биыл 11 сынып оқушылары үшін заманауи бағдарламаға сай оқу құралдары дайындалып жатыр. Бүгінгі күні 4400 мұғалім де өз біліктілігін арттырған. Осы оқу жылында бұл көрсеткішті  екі есеге арттыру жоспарда бар.

ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Биыл «жас маман» жобасы аясында Петропавлдағы 4 колледж заманауи құрылғылармен жабдықталады. Оған 1,3 млрд теңге қаражат жұмсалмақ. Сондай-ақ, аталмыш жоба аясында 1,5 мың маман оқытылып, 100ге жуық ұстаз біліктілігін арттырады.

Білім саласында ең басты мәселе-  оқушылардың қауіпсіздігі. Осы мақсатта, бейнебақылау жүйесін жақсарту үшін биыл  бюджеттен 258 млн теңге бөлінген.Және біздің облыстағы күрмеулі мәселенің бірі-мектеп көліктері. Білім басшысының айтуынша, биыл облыс бойынша оқушыларды тасымалдау үшін 388 млн теңгеге 44 көлік алу жоспарланған. Жиын барысында, алдағы жоспарлармен қатар, мектеп құндылықтары туралы да сөз қозғалды.

ҒАЛЫМБЕК БЕРМАҒАНБЕТОВ, «БІЛІМ – ИННОВАЦИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС ЖӨНІНДЕГІ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

- Біз биыл 25 жылдық тәжірибеміздің нәтижесінде биыл құндылықтарға негізделген білім беру жүйесінің кітабын шығарған болатынбыз. Яғни бұл жерде тәрбиеленушімен қатар тәбриелеушілерді де тәрбиелеу . Яғни, осы білім саласына тек қана ұстаздар емес, ата-аналарды да білім процесіне қосу.

Сонымен қатар,   мектеп бітірушілерге «Алтын белгі» атағын беру тәртібі өзгертілді. Енді үздіктерді мектеп әкімшілігі емес, білім басқарамасындағы арнайы комиссия    ғана анықтайды.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

КОЛЛЕДЖДЕРДІҢ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК БАЗАСЫН  ЖАҢАРТУ ҮШІН 1 МЛРД 263 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
20:36, 25 мамыр 2020
КОЛЛЕДЖДЕРДІҢ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК БАЗАСЫН ЖАҢАРТУ ҮШІН 1 МЛРД 26...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
13:04, 22 мамыр 2020
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...