ШҰҒЫЛ! КӘСІПКЕРДІҢ КӨМЕГІ Толығырақ

БІЛІМДІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

17:52, 11 қаңтар 2019

Петропавлда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі аяқталды.  Өңіріміздегі  озат оқушылар гуманитарлық-қоғамдық және жаратылыстану – математикалық бағыттар бойынша мықтыны анықтаған болатын. Балалардың білімі бағаланатын байқау «Лорд» лицейі мен Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия интернатында өтті. Марапаттау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет қатысып үздіктерді марапаттады. Әріптесіміз Нұрбол Балғабеков сабақтасын.

Олимпиада - білгір оқушылардың тағатсыздана күтетін сайысы. Биылғы байқау екі бағыттан тұрды. Оған облысызымдың түпкір-түпкірінен 550 жас қатысып оның 223-ші жеңімпаз бен жүлдегерлер  қатарынан көрінді. Жансая Түкен- Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия интернатының оқушысы. Ол биыл тарих пәнінен сынға түсіп, мерейі үстем болды.

ЖАНСАЯ ТҮКЕН, ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:

- Олимпиадаға дайындалу барысы өте қиынға соқты. Бірақ сол қтындықтарды үздіксіз дайындық арқылы сонымен қатар мектептің дәрежесін сақтап қалудың арқасында біз осы жүлделі орындарды алып отырмыз. Мені ең бірінші тарихқа баулаған ол әкем.

Биылғы байқауға Ақжар ауданының 14 оқушысы  қатысты. Олар аталмыш олимпиадаға мықтап дайындалып келгенін іс жүзінде дәлелдеп, 7 бала жүлдегерлер қатарынан көрінді. Мәселен, Ленинград орта мектебінің оқушысы  Дильназ Хайырболды орыс тілі пәнінен екінші орынды алды. Енді ол алдағы уақытта республикалық кезеңге аттанбақ.

ДІЛНАЗ ХАЙЫРБОЛДЫ, ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ:

- Мен 8-ші сыныптан бастап аудандық олимпиадаларға қатысып, биіктен көрінетінмін. Биыл міне алғаш рет облыстық байқауға қатыстым. Және жоғары нәтижеге қол жеткіздім. Қуаныштымын. Ата-анама және ұстаздарыма рахмет айтқым келеді.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия интернатының ұжымы « Олимпиаданың ең үздік мектеп командасы» атағына ие болды. Ал, аудандар арасындағы байқауда Есіл ауданының командасы жүзден жүйрік шықты. Үздіктерді марапаттаған облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет сайыстың маңыздылығын атап өтті.

МАДИЯР ҚОЖАХМЕТ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Олимпиаданың маңызы орасан зор. Жалпы барлық жеңімпаз бен жүлдегерлерді құттаймын. Қанаттарын талмасын тек қана биік белестерді бағындырыңыздар. 21-ші ғасыр. Білім ғасыры. Сондықтан көп оқыңыздар. Алдағы республикалық сайыста сіздерге сәттілік тілеймін.

Республикалық сайыс Наурыз айында Қызылорда мен Ақтөбе қалаларында өтеді.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар