ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА 1 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ТОННА МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ЖИНАЛДЫ Толығырақ

БІРНЕШЕ ТІЛ БІЛУ - ЗАМАН ТАЛАБЫ

20:59, 13 қыркүйек 2018

Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-ші сынып оқушысы Мижгона Нуралиева бес тіл меңгерген. Бойжеткен қазақ, орыс, ағылшын, тәжік және өзбек тілдерінде еркін сөйлеп, өз ойын іркілмей жеткізе алады. Полиглот көп тіл білудің құпясымен арна тілшілерімен бөліскен еді.

Мижгона Нуралиева тілді оқулықтар, түрлі бағдарламалар мен әдістемелік құралдардың көмегімен оқығаннан гөрі, кино, музыка, көркем әдебиет арқылы меңгерген тиімді екендігін айтады. Мектеп оқушысы он жылға жуық уақыт аралығында 4 тілді еркін сөйлей алатын деңгейде меңгерген. Өзі Назарбаев университетіне аудармашы мамандығына түсуді армандайды.

МИЖГОНА НУРАЛИЕВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХББ НЗМ ОҚУШЫСЫ

Ұстаздарының айтуынша Мижгона - ізденімпаз оқушы. Бос уақытын тиімді пайдалана біледі. Би үйірмесіне барады. Мектепішілік «Гәкку» би ансамблінің мүшесі. Мерзімді басылымдарға мақала жазып тұрады.

АЛТЫНАЙ ОСПАНОВА, МИЖГОНА НУРАЛИЕВАНЫҢ КУРАТОРЫ

Мижгона тілді жоғары меңгергендіктен, оқу бағдарламасы қиынға соқпайды. Ол сөйлегенде бір тілден екінші тілге оңай ауыса береді. Оқу озаты ағылшын тілі, биология, алгебра сабақтарын жақсы көреді. Көп тіл білу заман талабы екенін ұғынғын жас  полиглот жуырда француз тілін оқытуға арналған курсқа баратынын айтты. Одан кейін жапон тілін меңгермек.

Эльмира КӘЛЕНОВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ТҮМЕНДІКТЕР ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАҒА КІТАПТАР СЫЙЛАДЫ
18:00, 15 қараша 2018
ТҮМЕНДІКТЕР ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАҒА КІТАПТАР СЫЙЛАДЫ
Толығырақ...
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
17:59, 14 қараша 2018
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНА ҚОРЫ  500 КІТАППЕН ТОЛЫҚТЫ
17:56, 14 қараша 2018
ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНА ҚОРЫ 500 КІТАППЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ
18:00, 9 қараша 2018
ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРД...
Толығырақ...