ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

БОЛАШАҚ ПЕДГОГТАРДЫҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ 42 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ӨСТІ

20:47, 30 қыркүйек 2020

Қыркүйектен бастап докторанттар мен болашақ педагогтардың шәкіртақысы өсті.  Бұған ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмасы негіз болды. Осылайша, ұстаз мамандығынының жастар арасындағы сұранысын арттыру көзеделген.

Өткен жылы болашақ педагогтардың шәкіртақысы 21 мың теңге еді. Кейін  желтоқсан айында 5 мың теңгеге көтеріліп, ал биылғы қыркүйектен бастап 42 мың теңгеге дейін қайта өсті. Бұл шара, елімізде өмірін ұстаздыққа арнайтындардың қатарын арттырып, педагог мамандардың тапшылығын жою мақсатында қолға алынған. Оң нәтижесі де байқалады.      

ЕРБОЛ ИСАКАЕВ, KOZYBAYEV UNIVERSITY БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ РЕКТОРЫНЫҢ М.А.:

- Биыл педагогикалық мамандықтарға 400-ден астам адам түсті. Бұл өткен жылдармен саластырғанда әлдеқайда көп. Бүгін  университетімізде педогогикалық мамандықтарға  3 мың студент оқып жүр. Олардың 1800-і  жоғарылатылған шәкіртақыны алады. 

Есесіне, болашақ ұстаздарға деген талап та жоғарылай түсті. Егер өткен жылы Ұлттық біріңғай тестілеуде  шекті ұпай 65 болса, биыл 70 ұпайға дейін өсті. Зухра Серғали  биыл Есіл ауданының Тауағаш орта мектебін  тәмамдап, университетке қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша  грантқа оқуға түскен. Жуырда алғашқы шәкіртақысын алып қуанып жатыр.  

ЗУХРА СЕРҒАЛИ, KOZYBAYEV UNIVERSITY СТУДЕНТІ:

- Қуанып жатырмын. Алғашқы шәкірақымнан мешітке садақа беремін деп шештім

Президенттің тапсырмасы бойынша, докторанттардың да шәкіртақысы 110 мыңнан, 150 мың теңгеге  дейін өсті. Қозыбаев университетінде бүгін 42 докторант білім алып жатыр.  

 

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАБАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТЕДІ
20:47, 21 қазан 2020
БАЛАБАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТЕДІ
Толығырақ...
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...