ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

БОЛАШАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ - БҮГІННЕН

13:04, 13 қыркүйек 2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауында білім саласына қатысты бірқатар мәселеге тоқталды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, енді  ерекше күтімді қажет ететін және көпбалалы, толық емес отбасыдан шыққан балалардың түрлі үйірмелерге, қосымша орталықтарға барып, өз білімдерін тереңдетулеріне де БАРЫНША жағдай жасалмақ.

Тағы бір қуанарлық жайт, келесі жылдан бастап «Дипломмен ауылға» бағдарламасын қаржыландыруға бюджеттен  20 млрд дейін теңге  бөлінбек. Осылайша АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРДЕ де білім сапасын арттырып, дарынды балалар арасынан кәсіби мамандарды даярлап шығару жоспарлануда.Білім сапасына деген қамқорлық, болашаққа деген қамқорлық дейді мамандар.   

ЕРДЕН ЖАҚСЫМБЕТОВ, БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Біз әрине бұл жұмыстарды қолдаймыз. Президентіміз көпбалалы отбасыдан шыққан оқушылар үшін де үйірмелер қарастырылуын айтты. Бұл өте өзекті мәселенің бірі. Біз білім саласы бұл тапсырмаларды орындау үшін барынша ат салысамыз.  

Тақырып бойынша материалдар

ОҚУШЫЛАР ОРБИТАЛЫҚ СТАНЦИЯНЫҢ ҮЛГІСІН ЖАСАДЫ
13:07, 1 қазан 2019
ОҚУШЫЛАР ОРБИТАЛЫҚ СТАНЦИЯНЫҢ ҮЛГІСІН ЖАСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар