ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛГЕНДЕР 10 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ Толығырақ

«BOLASHAQ BOOKS» ҚОҒАМДЫҚ КІТАП СӨРЕСІ АШЫЛДЫ

17:21, 15 қыркүйек 2020

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Болашақ Букс» жобасы аясында қоғамдық кітап сөресі ашылды. Шараның басты мақсаты жастар арасында кітап оқуды насихаттау. Жиынға «Bolashaq» Қауымдастығының  және «Tengri comics» комикстер баспасының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, «Золотой Воин.Томирис» комиксінің авторы Бекзат Мырзахметовпен кездесу ұйымдастырылды.

Буккроссинг немесе кітаптың үнемі айналыста жүруі. Бұл қоғамдық қозғалыс шетелде танымал. Біздің елге тек 2017 жылы келді. Яғни оқырман өзі оқып бітірген кітабын қоғамдық орындарда қалдырып, орнына басқа кітапты алады.  «Болашақ букс» жобасының мақсаты оқылған, үйде шаң басып жатқан кітаптарға екінші өмір сыйлау, әр түрлі жастағы адамдарды кітап оқуға тарту.

ЖҰЛДЫЗ ЖҮНІСОВА, «BOLASHAQ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ЖОБА МЕНЕДЖЕРІ:

- «Болашақ букс» - «Болашақ» Қауымдастығының ең үлкен жобасы болып табылады. Бұл жоба негізінен 2017 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатыр. Орал, Петропавл және Нұр-Сұлтан қалаларында орнатылды. 3,53 Жобаның негізгі мақсаты халық арасында кітап оқуды насихаттау, тегін кітап оқу мүмкіндігін беру.

Іс-шараға келгендер «тенгри комикс» баспасының өкілі, «Золотой Воин.Томирис» комиксінің авторы Бекзат Мырзахметовпен тілдесіп, автографын алды. Бекзаттың айтуынша қазіргі таңда жастардың басым көпшілігі комиксті, яғни суретті әңгімелерді оқығанды жөн көреді. Сол себепті, баспа қазақтың батырлары мен хандары туралы жазылған жыр-дастандарды фэнтэзи жанрында бейнелеп, қағаз бетіне түсіреді. Бұл ең алдымен өскелең ұрпақтың өз тарихы мен салт-дәстүрін ұмытпауға сеп, дейді Алматылық қонақ. Мұндай шағын кітаптар үш тілде жарық көрді. Оны электронды платформалардан да кездестіруге болады.

БЕКЗАТ МЫРЗАХМЕТОВ, «TENGRI COMICS» БАСПАСЫНЫҢ ӨКІЛІ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ:

- Біз достарымызбен бірге бұл баспаны 2018 жылы Алматыда ашқан едік. Осы уақыт аралығында көптеген жобаны іске асырып, халықаралық деңгейге шықтық. Біздің комикстерді тек Қазақстанда ғана емес өзге мемлекеттерде де оқиды. Жалпы, суретті әңгімелер жинағын басып шығару үшін шамамен 5 айдай уақыт керек.

Айта кеткен жөн Петропавлда мұндай кітап сөресінің екіншісі ашылды. 2017 жылы сауда орталықтарының бірінде пайда болған еді.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРСЫ
17:19, 21 қаңтар 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ...
Толығырақ...
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
13:04, 21 қаңтар 2021
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...