ШҰҒЫЛ! «AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

ЭЛЕКТРОМОБИЛЬ ҮЙІРМЕСІ АШЫЛДЫ

17:17, 22 қыркүйек 2020

Оқушылар сарайында жаңа оқу жылында электромобиль үйірмесі ашылды. Бір ерекшелігі балалар мұнда роботтардың жүру қашықтығын реттейтін жаңа әдіс-тәсілдерді меңгереді.

Санжар Ерденов робототехника үйірмесіне өткен жылдан қатысады. Осыған дейін бірқатар робот құрастырып үйренді. Қазір ол  жаңадан ашылған электромобиль үйірмесінде құлтемірлердің жүріп тұру  арақашықтығын өлшейтін бағдарламаларды меңгеруде.

САНЖАР ЕРДЕНОВ, ҮЙІРМЕГЕ ҚАТЫСУШЫ:

Инфрақызыл дачикпен жұмыс істеп отырмын. Ол ара қашықтықты өлшейді. Маған бұл ұнайды. Өте көп программаларды жасаймыз. Тағы көптеген роботтар жасауға болады, батарейкалармен лампочкалармен жұмыс жасауға болады. Өте қызықты.

Үйірмеге екі ауысымда 40-қа жуық бала тегін қатысады.

ДМИТРИЙ АЛЕШИН, РОБОТОТЕХНИКА ҮЙІРМЕСІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

- Роботтар екіге бөлінеді.  Бірі  түрлі тетіктері бар қозғалтқыштармен басқару бағдарламасы арқылы жүргізілсе, ал екіншісі қуат көзімен қозғалатын  роботтар. Электромобиль үйірмесінде біз балалармен роботтарды алыс қашытыққа жүргізуді үйретеміз. Біз қазір жеңіл түрін қарастырып отырмыз. Яғни түрлі батарейлардың қосындысының күші қанша уақытқа жететіндігін зерттеудеміз. Кейін бұдан да күрделі зерттеу жұмыстарын жүргіземіз.

Биыл оқушылар сарайында басқа да түрлі жаңа үйірмелер  штаттық және қашықтықтан жұмысын жалғастырмақ.

Аяулым ЖОЛМҰҚАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 47 МЛН ТЕҢГЕГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
20:47, 23 қазан 2020
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 47 МЛН ТЕҢГЕГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛ...
Толығырақ...
БАЛАБАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТЕДІ
20:47, 21 қазан 2020
БАЛАБАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
20:37, 22 қазан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
Толығырақ...