ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

ӘЛЕМДЕГІ ҒЫЛЫМ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

13:06, 15 қазан 2019

Өңірдегі жалғыз жоғары оқу орны ғылым бағытында халықаралық байланыстарды күшейтуге екпін беріп жатыр. Тозығы жеткен технологияны ысырып, озығын қолданысқа енгізге бет бұрған. Шетелден әкелінген мал, құс және ауыл шаруашлығы дақылдарын будандастырып, жергілікті жерге бейімдеу жағын қарастыруда. Осы орайда өзге мемлекеттің маңдайалды мамандарымен тәжірибе алмасып тұру маңызды. Соған сәйкес облыс орталығында әлемдегі ғылым эволюциясы тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Мәжілісте арна тілшілері болды. 

Біздің менталитетте шетелдікі жақсы деген көзқарас қалыптасқан. Алайда Отандық ғалымдардың да айтары, ұсынар өнертабысы бар. Солтүстікқазақстандықтар шығымдылығы жақсы шетелдік ауыл шаруашылығы дақылдарын жерсіндіру жағымен айналысуда. «Азық-түлік қауіпсіздігі” кафедрасының доценті Ақан Жүнісов

Мал мен құс азығына хлорелланы пайдалануды ұсынды. Органикалық өсімдікті пайдаланған әлдеқайда ұтымды дейді. Айтуынша,  Шал ақын ауданындағы «Әсем» шаруашлығында хлорреланы тұндыратын цех ашқан. Олар бүгінде осы органикалық өнімнің пайдасын көріп отыр.

АҚАН ЖҮНІСОВ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ “АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ” КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОЦЕНТІ:

- Азықтандыру мәселесінде жаңадан  хлорелла микроскопиялық балдыр деп аталады. Дүниежүзі бойынша өте пайдалы өсімдік. кішкентай шаруашылықтардың хлорелланы қолдан өсіруге шамалары жетеді.  Ол түрлі дәрумен мен антибиотиктерден бірнеше есе артық.  Оны пайдаланса, химиялық препараттан мүлдем бас тартар еді.  Мал өніміне деген сұраныс 20-25 пайызға төмендейді. Ет, сүт өнімдері мен жұмыртқа өнімдері экологиялық таза болады.  Хлорелланы жібек құртынан бастап ірі қараның азығына пайдаланады. Бұл суспензия күйінде беріледі. Су сияқты.   

Университет мамандары мал, құстың өнімділігін ұлғайтып, экологиялық таза өнім алуға екпін беруде. Мысалы, үйрек басын асылдандыру жобасы сәтті аяқталыпты.  

АҚАН ЖҮНІСОВ, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ “АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ” КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОЦЕНТІ:

- Ұсақталып кеткен жергілікті үйректі қытай үйрегімен будандастырып,   «Бескөл», «Қызылжар» тұқымын шығардық. 

Әлемдегі ғылым эволюциясы конференциясы аясында М.Қозыбаев атындағыоқу ордасы ғылымның түрлі бағыты бойынша жүзеге асып жатқан жобаларды келушілер назарына ұсынды.  Көрмені тамашалап жүргендердің бірі ШҚМУ-нің профессоры МҰХТАР ТӨЛЕГЕН. Отандасымыз ел, жерді көп аралайтынын айтты. Шетелдіктер қызығатын жобалар көп дейді.

МҰХТАР ТӨЛЕГЕН, С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШҚМУ ПРОФЕССОРЫ:

Былтыр ғана ашылған агротехнологиялық факультет бойынша картоптың аса сұрыпын зерттеп жатыр екен. Судлы тазалау бойынша экологиялық ғылыми жоблары бар.  Уәлиханов ауданына қарасты Қызылобадан табылған жәдігерлер . Сондай-ақ, дронның көмегімен мұнай-газ бар жерлерді анықтауға болад екен. Мұның бәрін бізге солтүстікқазақстандықтардың табысы.

Конференцияға шетелдік ғалымдар да қатысты. «Білім беру процесіндегі ғылым эволюциясы», «Әлемдегі зерттеулер», «Цифрлық ғылым» тақырыптары бойынша секциялық отырыстар болды. Бүгінде жергілікті ЖОО-ны 30 елдің университетімен 150 -ден астам ынтымақтастық келісім шартына отырыпты.

Шетелдік ғалымдар, топ менеджерлер жыл сайын М.Қозыбаев атындағы университет сутеденттеріне дәріс оқиды. Биыл халықаралық ынтымақтастық аясында университет ғалымдары 7 зерттеу жобасын жүзеге асырды.  Қайтарымсыз грант, мақсатты қаражатты қоспағанда, биыл «Жастар жылы» аясында 18-29 жас аралығындағы азамттардың өнертабыстарын қолдауға ел қазынасынан 3 млрд теңге бөлінген.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕПТЕР КЕҢЕСІНІҢ АККРЕДИТАЦИЯСЫНА ИЕ БОЛДЫ
13:08, 15 қараша 2019
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕПТЕР КЕҢЕСІНІҢ АККРЕДИТАЦИЯСЫНА ИЕ БОЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...