ШҰҒЫЛ! «НҰРЛЫ ЖЕР» БОЙЫНША ПӘТЕР АЛУҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ 20-ТАМЫЗДАН БАСТАЛАДЫ Толығырақ

FLEX БАҒДАРЛАМАСЫ АМЕРИКАДА ТЕГІН ОҚУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

15:00, 23 мамыр 2018

Солтүстік Қазақстан облысының 4 оқушысы биылғы оқу жылын Америка Құрама Штаттарында  тәмамдады.  Жеткіншектер ағылшын тілін жетік меңгеріп қана қоймай, өзге елдің мәдениетін, тұрмысымен де танысып Қазақ елін танытып келді.

Ботагөз Қабдөшева Әбу Досмухамбетов атындағы  дарынды балаларға мамандандырылған  гимназия-интернатының оқушысы. Биылғы оқу жылын ол АҚШтың Колорада шаттының Форт Морган қаласының мектебінде оқып келді. Бойжеткен шетелдік отбасыда тұрып, өзге елдің өмірімен танысты.

БОТАГӨЗ ҚАБДӨШЕВА, ӘБУ ДОСМУХАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ  ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН  ГИМНАЗИЯ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ:

- Ең қиыны сол жақтың менталитетіне үйрену, сол жақтың адамдары сияқты ойлау. Болашақта өзімді шет тілімен байланыстырғым келеді. Ағылшын болсын, кәрісше болсын, көп тілді жаттағым келеді. 

Мұндай мүмкіндікті жастарға Халықаралық FLEX бағдарламасы беріп отыр. Бүгінге дейін Америка Құрама штаттарына Қазақстанның 3 мың студенті барып, ағылшын тілін жетілдіріп келді. Қыздарын бір жылға алысқа жіберу шешімі Ботагөздің әке-шешесіне оңай болмапты.

МАРЖАН ЖҮНІСОВА, БОТАГӨЗДІҢ АНАСЫ:

- Шет тіліне сүйіспеншілігі болғасын, Қазіргі заманға сай, ата-ана ретінде  көнуге тура болды. Қиын болды. Бірақ болашақ мамандығына қажет болғасын көндік. Баламыз ол жақтың еркін өміріне үйреніп, ашылып, өсіп келіпті. 

Әбу Досмухамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты бұл бағдарламаға 5 жыл қатарынан қатысып, үздік оқушыларын шетелге оқуға жіберіп отырады.

АЙНАГҮЛ ЕСҚАЛИЕВА,  ӘБУ ДОСМУХАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ  ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН  ГИМНАЗИЯ-ИНТЕРНАТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бала үш турдан өтуге керек болатын. Бірінші тур ол 10 сұрақтық тест. Сұрақтар өте қиын, ауыр болды. Көп балалар өте  алмай жүрді. Мұғалымдеріміз жылдан жылға балаларды шыңдау барысында көп қызмет жасап, балаларымыз ағылшын тіліне көп сұраныс болып жатыр. 5 жыл ішінде 3 оқушымыз барып келді. Қалаған отбасыда тұрып, тегін тұрады.

20 жылдан астам іске асырылып келе жатқан бағдарлама бойынша келесі оқу жылында білімді балаларды шетелге оқуға жіберу жоспарланған. Алайда ол үшін үміткерлер 3 кезеңнен тұратын сынақтан сүрінбей өтулері қажет.   

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, білім, Халықаралық FLEX бағдарламасы

Тақырып бойынша материалдар

РОБОТ ҚҰРАСТЫРУ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
21:00, 16 тамыз 2018
РОБОТ ҚҰРАСТЫРУ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...
М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ  99 ГРАНТ ҰТЫП АЛДЫ
20:30, 15 тамыз 2018
М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ 99 ГРАНТ ҰТЫП АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ІҢКӘР ЖҮРЕК»  ӨЛЕҢДЕР ЖИНАҒЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
20:30, 14 тамыз 2018
«ІҢКӘР ЖҮРЕК» ӨЛЕҢДЕР ЖИНАҒЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
Толығырақ...
РОБОТ ҚҰРАСТЫРУ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
21:00, 16 тамыз 2018
РОБОТ ҚҰРАСТЫРУ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...
Ғ.МҮСІРЕПОВ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ 7-ШІ ӘЙЕЛДЕР СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ
13:35, 13 тамыз 2018
Ғ.МҮСІРЕПОВ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ 7-ШІ ӘЙЕЛДЕР СПАРТАКИАДАСЫ ӨТ...
Толығырақ...