ШҰҒЫЛ! ЖАСТАР ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

ҒЫЛЫМҒА ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛІНЕДІ

13:01, 16 қыркүйек 2019

Өнертабыстар мен ғылыми жетістіктер сыртқа кетпеуі керек. Өйтпеген жағдайда зияткерлік әлеуетіміз нашарлауы мүмкін. Бұл - өңір жастарының пікірі. Жерлестеріміз алда болатын өзгерістерге қуанып отыр.  Биыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында осы салаға ерекше көңіл аударды.  

Президент айтпақшы, алдағы уақытта шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру міндеті тұр. Қазіргі таңда «Білім экономикасы», инновация, жасанды интеллект - жаһандық дамудың негізгі факторларына айналды. Келешекте Қазақстан цифрлық экономиканы дамытуды көздеп отыр. Түрлі салада өзгеріс болады. «Ақылды қалалар», блокчейн, цифрлық активтер, жаңа цифрлық қаржы құралдарын тың технологиялық құбылыстарға бейімдейді. Осы орайда ақпараттық қауіпсіздікті ақсатып алмау керек.  Сондай-ақ, азаматтарды табиғи құбылыстар мен техногендік сипаттағы апаттардан қорғау мәселесіне баса мән берілмек. Өкінішке қарай, мұндай апаттар әлемде жиілеп кетті. Осыны айта келе, Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым саласындағы ахуалға ерекше назар аударды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Біз ғылымсыз еліміздің дамуын қамтамасыз ете алмаймыз. Отандық ғылым жүйесі қаншалықты сапалы әрі тиімді? Бұл  – басқа мәселе. Үкімет аталған мәселені ғылыми зерттеулердің деңгейін көтеру және оларды тәжірибеде қолдану тұрғысынан қарастырғаны жөн.

Алдағы уақытта зияткерлік әлеуетімізді төмендетпей, еселеп арттыру міндеті тұр. Ғалымдар мен өнертапқыштардың идеялары шетелге сатылмауы керек. Жастардың талабы бұл.   

ҰЛДАНАЙ АНДАҚҰЛОВА, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ СТУДЕНТІ:

Ғалымдар өз идеясын ел аумағында жүзеге асырса деген тілегім бар.  Оларға мемлекет тарапынан көмек болса.  Жалақы мен баспанамен қамту сияқты жеңілдіктер қарастырылса жақсы болар еді. Тұрмыс жағдайларын оңалтып берсе, ғалымдар еш алаңсыз ел игілігі жолында аянбай қызмет етер еді деп ойлаймын. 

Қазіргі таңда сырттан смартфондардың неше түрі импортталуда. Үлкені де, кішісі де одан бас алмайтын болды. Ақпараттың қолжетімділігі бірінші орында болғанымен, оның салдарын да естен шығармаған жөн. Осы орайда, Президент бұқаралық спортты дамытуды тапсырды. 

АЛМАТ ЖАСҰЛАН, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ СТУДЕНТІ:

- Спорт адамды тәртіпке келтіріп, ішкі жай күйінқалыпқа келтіреді, рухын көтеруге септігі мол.  Сондықтан Президентің спортты дамыту керек деген ойы маған ұнады. Әсіресе, ұлттық спортқа ерекше көңіл бөліну қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2020-ны «Волонтер жылы» деп жарияланды. Осылайша, азаматтық қоғамды нығайтқысы келеді. Еріктілер қызметіне азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың қатысу аясын кеңейтіп, олардың бойында белсенді өмірлік ұстанымдарға қатысты дағды қалыптастыру маңызды міндет.

Берік ҚАСЕН

 

Тақырып бойынша материалдар

УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЗАҢДЫ МӘРТЕБЕСІ ӨЗГЕРЕДІ
20:49, 30 қазан 2019
УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЗАҢДЫ МӘРТЕБЕСІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
20:32, 21 қазан 2019
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
21:05, 6 қараша 2019
СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
Толығырақ...
«ҚЫС - 2019» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ
17:58, 5 қараша 2019
«ҚЫС - 2019» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Толығырақ...