ШҰҒЫЛ! ЖАСТАР ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

ИТАЛЬЯН ТІЛІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

20:36, 16 қазан 2019

Студенттер итальян тілін үйренеді. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да  «Заманауи әлемдегі ғылым эволюциясы» деген атаумен халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылып, итальян тілі мен мәдениетінің орталығы ашылды. Орталыққа биыл туғанына 550 жыл толатын, әйгілі суретші, мүсінші Леонардо да Винчинің есімі берілді.

Орталық қазақтың дәстүріне сай шашумен ашылды. Бұл келген қонақтарға ерекше әсер сыйлап, қазақтың қонақжай салтымен танысуына мүмкіндік берді.

ЕЛЕНА САБИЕВА, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Бұл орталық біздің интернацияландыру бойынша проректорымыз Александр Фигустың бастамасымен ашылды. Енді университет студенттері итальян тілін меңгеріп, шет елдің мәдениетімен жақынырақ таныса алады.  

Генуи қаласынан келген психолог әрі профессор Гвидо Амореттидің айтуынша соңғы жылдары Қазақстан мен Италия арасындағы білім мен ғылым саласындағы әріптестік жаңа деңгейге көтерілген.

ГВИДО АМОРЕТТИ, ГЕНУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

- Біз жергілікті оқу ордасымен арадағы қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. Болашақта, нақтырақ айтсам 3 немесе 4 жылдан кейін М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Қазақстанның ең үздік білім ордаларының қатарына кіретініне сенімдімін.

Студенттер академиялық мобильділік бойынша бірінші ағымда итальян тілін үйрене алады. Ал екінші кезең қазанның 18-і басталмақ. Оларға итальяндық ерікті Людовико де Сирио сабақ береді. Оның елімізде тұрып жатқанына жарты жыл. Оған дейін Ресейдің Новосібір қаласында орыс тілін үйреніпті.

ЛЮДОВИКО ДЕ СЕРИО, ОҚЫТУШЫ:

- Мен өзім Италияның Скио қаласының тумасымын. Мұнда студенттерге итальян тілін үйретпекпін. Осындай мүмкіндік туғанына қуаныштымын.

Қазанның 18-нен бастап орталыққа кез келген студент келіп шет тілді үйрене алады.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЗАҢДЫ МӘРТЕБЕСІ ӨЗГЕРЕДІ
20:49, 30 қазан 2019
УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЗАҢДЫ МӘРТЕБЕСІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
20:32, 21 қазан 2019
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
21:05, 6 қараша 2019
СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
Толығырақ...
«ҚЫС - 2019» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ
17:58, 5 қараша 2019
«ҚЫС - 2019» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Толығырақ...