ШҰҒЫЛ! ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ Толығырақ

«JUNIORSKILLS-2020» ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ

17:27, 12 наурыз 2020

Петропавлда алғаш рет мектеп оқушылары арасында «JuniorSkills-2020» облыстық чемпионаты өтті. Білім сайысында 8 және 9 сынып оқушылары екі құзыреттілік бойынша сынға түсті.  Өңіріміздегі білім ордаларының намысын қорғап келген 17 қатысушымен арна тілшілері де тілдесіп келді.

«JuniorSkills» сайысының халықаралық «WorldSlills» чемпионатынан айырмашылығы аталмыш сайысқа мектеп оқушылары қатысады. Және бұл байқау педагогикалық  мамандықтар бойынша өткізіледі.  Облыстық чемпионат қатысушылары  «мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» және «орта мектепте оқыту» бойынша өз білімдерін сынайды.

САЛТАНАТ САУЫРБАЕВА, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Чемпионаттың мақсаты, педагогикалық мамандықтарды дәріптеу, қатысушылардың кәсіби шеберліктері мен дағдыларын анықтау. Жалпы оқушылар арасында педагогикалық мамандық таңдауға дайындау. +01:16. Бұл сайысқа қаламыздың бірнеше мектептерінен сұраныс келіп түсті. Бүгінгі таңда Қызылжар аудандық «Парасат» мектебі,  Большая малышка орта мектебі, қалалық  мектеп-гимназиясынан және де басқа мектептерден келді.

Өңірде алғаш рет ұйымдастырылып отырған чемпионатта 17 қатысушы өз білімдерін сынайды.  Байқау талаптары бойынша, «орта мектепте оқыту» құзыреттілігінде оқушылар мәнерлеп өлең оқумен қатар, түрлі педагогикалық тапсырмаларды орындайды. Ал екінші топтағы  қатысушылардың сәндік-қолданбалы өнерге икемдері сыналады.

АЙДАЙГҮЛ ТІЛЕГЕНОВА, ҚАТЫСУШЫ:

- Мен М.Жұмабаев атындағы лицейден келдім. Осы олимпиадаға мен бірінші рет қатысып отырмын. Және де осы олимпиадаға қатысқан себебім, мен бала кезімнен мұғалдім болуды армандаймын. Мен осы олимпиадаға бір апта бойы дайындалдым. Және менің ойымша мен жеңіске жетемін. 

Чемпионат нәтижесі бойынша үздік деп танылғандар түрлі дәрежелі дипломдармен марапатталмақ.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА 12 МЕКТЕП ЖӨНДЕЛЕДІ
20:45, 28 мамыр 2020
ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА 12 МЕКТЕП ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЕКІ ЕСЕ АРТАДЫ
20:38, 28 мамыр 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЕКІ ЕСЕ АРТАДЫ
Толығырақ...
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ЖАҢА РЕФОРМА КҮТУДЕ
13:01, 28 мамыр 2020
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ЖАҢА РЕФОРМА КҮТУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар