Қолайсыз ауа райына байланысты мектептерде оқыту жүйесі штаттық режимнен қашықтан оқыту форматына ауысатын болады. Егер ауа температурасы -25 градустан төмендесе, онда дайындық тобымен 1-4 сыныптар қашықтықтан оқиды.
Ал егер -27 С болса онда дайындық тобы және 1-9 сынып оқушылары онлайн білім алады. Бүгінгі таңда үшінші тоқсанда облысымызда штаттық режимде 34 мың 500 оқушы ал қашықтан 14 600 оқушы білім алуда.
ВАЛЕНТИНА ЧЕРНЫХ, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
- Егер ауа температурасы -30 С дейін төмендесе онда мектептер мен колледжің 1-2 курсы толықтай қашықтан оқыту жүйесіне көшеді. Ауа райы қолайсыздығына байланысты мектептерде білім жүйесінің штаттық режимнен қашықтыққа ауысуын білім басқармасы мен білім бөлімдерінің және мектеп сайттарынан көруге болады. Сонымен қатар дәрмен мобильді қосымшасынан да ақпарат алуға болады.