ШҰҒЫЛ! ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ БӘСЕҢСІМЕЙДІ Толығырақ

ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНДА АБАЙ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

18:04, 21 ақпан 2020

Облыстық білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысында қазақ мектеп-гимназиясына Абай Құнанбайұлының есімі берілетіндігі айтылған еді. Бұл шешім облыс әкімі мен мәслихаттың қолдауын туып, енді республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберілді. Осы бастаманың жалғасы ретінде қазақ мектеп-гимназиясында Абай орталығы ашылды. Енді ақынның 175 жылдығына орай қала мектептері ұйымдастырған іс-шаралар дәл осы жерде өтетін болады. Келесі бейнематериалға зер салайық.

Қазақтың салтыменен «Абай» орталығын жиналған қауым шашу шашып ашты. Жаңадан ашылған әдеби орталықта Абайдың шығармалары орын теуіп, мобильді кітапхана жұмыс істемек. оқушылар бұл жерде Абай мен қазақтың өзгеде ақын жазушыларының шығармаларын үш тілде оқуға мүмкіндік алды. Ол үшін qr кодты қолдану қажет.

БҰЛБҰЛ АХМАДИҚЫЗЫ, ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Орталық бірнеше бөлімнен тұратын  жұмыстарды көрсетіп жатырмыз. Дарынды оқушыларменен жұмыс, абай өлеңдерін жатқа айту, арнау, оқушылардың қолөнері.Абайдың Жекебайдағы үйі ретінде шағын көрініс, әжесімен сөйлескені туралы көрсетіп. Мобильді кітапхана орнатып, qr-код орнатып, абайдың тек қазақстанда ғана емес, Өзбекстанда, Қытайда, Үндістанда абай туралы міһәлімет табуға боалды.

Сонымен қатар оқушылар кинетикалық құммен жұмыс істеп үйренеді. Бұл - бала қиялының дамуына көмек бермек.

Шарада Ақжан Жайлаубай өнерімен жұртты тамсандырды. Қазір ол 9 сыныпта оқиды. Оқушы 12 жасынан өлең шығара бастаған. Есімі «Қазақстанның Болашағы» атты кітапқа енген. Бүгінгі таңда 40-тан аса өлеңі бар. «Ақынның асқақтаса арман үні» атты өлеңдер жинағын да шығарып үлгеріпті.

АҚЖАН ЖАЙЛАУБАЙ, ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ:

- Өзімнің шығарған өлеңдерімді осы Ақынның асқақтаса арман үні» атты кітапқа енгіздім. Осының ішінде абайға арналған, жырға, поэзияға арналған өлеңдер жиналған. Құштарлық Абай атамыздың, мағжан атамыздың ірі тұлғалардың өлеңін оқи келе, осыған деген құштарлық пайда болды. Кітап шығаруға қазіргі сынып жетекшіммен, бастауыш сыгнып жетекшісі көмек берді.

Абай Құнанбайұлының есімі қазақ мектеп гимназиясына беріліп отырғаны бекерден емес, дейді мектеп директоры.  Мектепте дарынды, өнерлі оқушылар жетерлік.

БҰЛБҰЛ АХМАДИҚЫЗЫ, ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Енді солтүстік қазақстан өңірінде «Абай» есімде ешқандай мемлекеттік мекеме жоқ қой. Білмеймін енді, ұстандық енді, үлкен қаланың ортасында қазақ шаңырағы жаңа мектеп, мен ойлаймын лайықты деп. Мектептің де нәтмижелері бар. Өткне жылдың соңында қабылданды. Қазір енді республикалық ономастикалық комиссияның қаралуында.

Сондай-ақ, мектепте тұңғыш рет бастауыш сынып оқушыларының арасында қалалық Абай оқулары өтті. Олимпиада 3 бөлімнен тұрды.  Қазақ пен аралас мектептердің 82 оқушысы қатысуға ниет білдіріп, өзара ең мықтыны анықтамақ.

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

КОЛЛЕДЖДЕР ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУГЕ ӘЗІР
17:07, 16 наурыз 2020
КОЛЛЕДЖДЕР ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУГЕ ӘЗІР
Толығырақ...
СҚМУ СТУДЕНТТЕРІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШЕДІ
20:43, 12 наурыз 2020
СҚМУ СТУДЕНТТЕРІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...