ШҰҒЫЛ! ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР 6 СӘУІРДЕН БАСТАП ҚАШЫҚТАН ОҚУҒА КӨШЕДІ

20:44, 27 наурыз 2020

Қазақстандық оқушылар 6 сәуірден бастап қашықтан оқитын болады.  Бұл- коронавирус індетінің алдын алу мақсатында жасалып отырған шара. СҚО-да 500-ге жуық мектеп бар. Олар қазіргі таңда виртуалды оқуға дайындалып жатыр. Қашықтан оқу әр түрлі елдерде қолданылуда. Ал біздің елімізде қалай жүргізілмек? Нұрбол Балғабеков сабақтасын. 

Оқу орны түрлі білім беру платформаларын өзі таңдайды. Сосын сол арқылы онлайн-форматта сабақ жүргізеді. Ал, «Ел арна» мен «Балапан» телеарналарынан оқушыларға арналған видео сабақтар көрсетіледі. Бұл әдіс  әсіресе  интернет байланысы шалағай  және қажетті құрал-жабдықтарға қатысты қиындықтары бар ауылдық білім беру ұйымдары үшін өзекті.

ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

«Бүгінгі күні жалпы республика бойынша үш мыңнан астам сабақ жазылып, дайындық үстінде болып жатыр. Сәуірдің 1-не дейін ол сабақтар әрбір мектепке дейін жеткізіледі деп ойлаймыз. Сонымен бірге сабақ кестесі де оған дейін белгілі болады.»

Қаламыздағы 25ші орта мектеп те қашықтан оқуға дайындалуда. Оқу орнында 47 мұғалім қызмет етеді. Олардың барлығы да «Zoom» платформасымен танысқан. Онда конференциялар құрып, оқу материалымен бөлісіп, түрлі презентациялар көрсетуге мүмкіндік бар.

МАХАББАТ ҚҰРМАНОВА, №25 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:   

«Қазіргі уақытта ұстаздар сабақ жоспарын жазған кезде ол жерде үй жұмысына көңіл бөледі. Біріншіден, жазылған бағдарламасы, видеосы болсын, әр-түрлі сілтемелер болсын және сабақ жоспары күнделікке салынады. Күнделікте әрқайсысы пән бойынша өз файлы ашылған. Мысалы, осы тоқсанда аптасына екі рет болатын болса, 13-14 сабақ жоспары салынады. Және де ол жерде толық түсініктеме ретінде үй жұмысына көңіл аударылады.»  

Қазіргі таңда мектепте 435 оқушы білім алуда. Барлығы өз аккаунттарын ашқан.  Сондай-ақ, өңірде интернет пен теледидарға қолжетімділігі жоқ оқушылар да бар. Олар үшін сабақтар басқа режимде жүргізіледі. Ал, сәуірдің 1-нен бастап call-орталық өз жұмысын бастайды. Оған әр адам хабарласып, туындаған сұрақтарға жауап ала алады.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА 12 МЕКТЕП ЖӨНДЕЛЕДІ
20:45, 28 мамыр 2020
ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА 12 МЕКТЕП ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЕКІ ЕСЕ АРТАДЫ
20:38, 28 мамыр 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЕКІ ЕСЕ АРТАДЫ
Толығырақ...
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ЖАҢА РЕФОРМА КҮТУДЕ
13:01, 28 мамыр 2020
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ЖАҢА РЕФОРМА КҮТУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар