ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫ

20:49, 14 қараша 2019

Петропавлдағы  гуманитарлық-техникалық қолледж - еңбек нарығында   сұранысқа ие  мамандықтарды даярлайтын арнаулы оқу орындарының бірі. Биыл білім ордасы өзінің 89 жылдығын атап өтпек. Осыған орай, колледжде     радиоэлектроника,  көлік жүргізуші, бухгалтер, IT саласының маманы атанатын  студенттер арасында   байқау ұйымдастырылып, өз ісінің шебері анықталды.

Бүгін гуманитарлық-техникалық колледжде 700-ден астам студент  нарықта сұранысы жоғары жұмысшы мамандықтарын игеруде. Білім ордасы өңірдің бірқатар кәсіпорнымен келісімге тұрып, студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуін ұйымдастырады. Болашақ мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында, мұнда жыл сайын байқау өткізіліп,   үздіктер анықталады. Биыл бұл байқау колледждің 89 жылдығына орайластырылды.

АЛЕКСАНДР МЕРК, ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ:

Биыл байқауда   радиоэлектроника,  көлік жүргізуші, құрғақ құрылыс саласының маманы,   IT маманы, туристік сала мамандары   және бухгалтерлер арасында өткізілді. Серік Амангелді колледждің 2 курс студенті. Болашақта құрылысшы болады. Байқау барысында берілген  30 минуттің ішінде  екі гипсокартонның арасын  арнайы ерітіндімен  тегістеуі керек.

СЕРІК АМАНГЕЛДІ, СТУДЕНТ:

Колледжішілік байқауда жеңімпаз атанған студенттер грамоталармен марапатталып қана қоймай, WorldSkills Kazakhstan атты беделді байқаудың өңірлік кезеңіне қатысуға жолдама алады. Облыстың кезеңнен суырылып шыққандар Республикалық байқауда бақ сынайды.   

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛ  ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ  КОЛЛЕДЖІНЕ 89 ЖЫЛ
20:48, 20 қараша 2019
ПЕТРОПАВЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНЕ 89 ЖЫЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...