ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАҒЫ АҒАЙЫННЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТҮЗЕЛЕДІ Толығырақ

КІТАПТАР СӨРЕСІ

18:14, 17 қыркүйек 2019

Алматылық «SOCIAL DEVELOMPENT CENTER».   қоғамдық қоры ел бойынша буккроссинг акциясын бастады. Шара аясында Қазақстанның 17 қаласына 57 кітап сөресін орнату жоспарланған. Акцияны  ұйымдастырушылар Петропавл қаласына келді. Тілшіміз толықтырсын.

Алматылық «Soushl Welkman sentr» қоғамдық қоры бұл акцияны өңір әкімдігімен бірлесе ұйымдастырады. Еліміздің 7 қаласында әлеуметтік шара өтті. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында буккроссинг 5 жерде, ал қалған өңірлерде 3 мекеме қабырғаларында орнатылмақ. Кітап сүйер қауым кітап алмастыру үшін Петропавлда  М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ге, Қазақстан халқы ассамблеясына және жастар ресурстық орталығына келе алады. 

НҰРИСЛАМ ИСМАИЛ, ««SOCIAL DEVELOMPENT CENTER»  ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

- Буккроссингті орналастыру мақсатымыз, Қазақстандықтарды кітап оқу, кітап алмасу мәдениетіне үйрету. Бұл жобаға біз барлық кітапты сатып алып жатырмыз. Жалпы 1000-даған кітап сатып алдық. 

Ұйымдастырушылардың  айтуынша барлық қала  тұрғындары тарапынан акцияға  жақсы қолдау көрсетілген. Өңіріміздегі жалғыз ЖОО қабырғасындағы буккроссингке 3 тілде  150ден астам кітап қойылыпты. Шараға келген студенттердің қарасы қалың болды. Солардың бірі- Аяна Дзортова.

АЯНА ДЗОРТОВА, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ СТУДЕНТІ:

- Мен өзім студенттік жастар комитетінің мүшесімін. Осындай акция болатынын естіп қуана-қуана келдім. Себебі өзім шетел әдебиетін сүйіп оқимын. Өзім оқып, бітірген «Ключ» атты кітабымды алып келдім. Осы жерден Стивен Кингтің шығармаларын тауып алсам Қатты қуанар едім.

Алматылық «Soushl Welkman sentr» қоғамдық қоры бұл акцияны ел көлемінде алғаш рет өткізіп отыр. Ұйымдастырушылар Қызылжардан кейін Қостанайға сапар шегіп, әлеуметтік акция  аясында тұрғындарды жаңа  кітаптармен  қуантпақ.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА 12 МЕКТЕП ЖӨНДЕЛЕДІ
20:45, 28 мамыр 2020
ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА 12 МЕКТЕП ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЕКІ ЕСЕ АРТАДЫ
20:38, 28 мамыр 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЕКІ ЕСЕ АРТАДЫ
Толығырақ...
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ЖАҢА РЕФОРМА КҮТУДЕ
13:01, 28 мамыр 2020
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ЖАҢА РЕФОРМА КҮТУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар