ШҰҒЫЛ! ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ Толығырақ

КОЛЛЕДЖДЕР ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУГЕ ӘЗІР

17:07, 16 наурыз 2020

Коронавирус індетінің алдын алу үшін республика бойынша оқушылар көктемгі демалысқа ерте шықса, колледж студенттері қашықтықтан оқуға көшті. Бұл 16 наурыздан 5 сәуірге дейін жалғасады. Облыс аумағында 23 коллдеж бен 400-ден аса білім ордасының бүгінгі жағдайы қалай? Әріптесімнің бейнематериалы

М. Жұмабаев атындағы Петропавл жоғары колледжінінің студенттері енді сайт арқылы онлайн дәріс тыңдап, үй тапсырмасын да қашықтықтан орындайды. Мұндай сабақ беру тәсілі, колледж ұжымы үшін жаңашылдық емес. Биылғы оқу жылынан бастап, 3 бірдей топ қашықтықтан оқу жүйесіне көшкен екен. Колледж ұжымының сөзінше, бұл жүйеге барлығы тіркелген. Студент оқуға түскен бетте, оған логин мен құпиясөз беріледі.

АЛТЫНАЙ ЖАНБЕКОВА, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Алыс ауылдағы интернет желісі мысалы нашар жұмыс істейтін, жылдамдығы төмен интернет желілері болса, бұл жүйенің жұмыс істеуіне еш кедергі жоқ. Бірақ интернет болмай жатқан кезде әлеуметтік желіліер арқылы балалар мұғалімдерге тапсырмаларын жібере алады. /1,58-2,11/ еш қиындығы жоқ. Тапсырмаларды ворд, слайд құжат ретінде, қазір әр балада қолында смартфон бар. Пдф болсын, ворд құжаттары ашылады. Аса ешқандай қиындықтар туындамайды.

Осылайша, М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің 1459 студенті қашықтықтан оқу әдісіне көшіп отыр.  Мектеп оқушылары болса, наурыздың 16-нан бастап жылдағыдан 5 күнге ерте демалысқа шығып отыр. Білім алушылардан бөлек, енді мектеп мұғалімдері де қашықтықтан жұмыс істейді. Мәселен, Қазақ мектеп-гимназисының 1 мыңнан аса оқушысы мен 100-ге тарта мұғалімі көктемгі демалысқа кете сала, мектепте дезинфекциялау жұмыстары жүргізіле бастаған.

БҰЛБҰЛ АХМАДИҚЫЗЫ, ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Яғни, ол іс-шараның барлығы жұмыс уақытында жүргізілген. Енді, бірақта бүгінгі күндері оның барлығы күшейтілген түрде жүргізіліп жатыр. Хлорлап, дезинфекциялық құралдардың барлығы жеткілікті. Мектеп мұғалімдері қашықтық жұмыс жасауға көшті. Яғни, өздерінің әдістемелік жұмыстарын, оқушылармен жұмыс тығыз байланыста қалады. Шағын орталықтың жұмысы жүріп жатыр. Ата-аналар каникул кезінде өз еріктері бойынша өтінім жазып, балаларын үйлерінде ұстайтын. Бүгінгі таңда 36 оқуының өтінімі бар. Бүгінгі күні оқуылар келген жоқ.

Еске сала кетейік, 16 наурыздан 5 сәуірге дейінгі демалыс жайлы ҚР білім және ғылым министрі Асхат Айтмағамбетов мәлімдеген болатын. Осы аралықта облыс аумағындағы 400 мектеп баласы демалысқа шықса,  23 колледж студенті  қашықтықтан білім алып жатыр.

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА 12 МЕКТЕП ЖӨНДЕЛЕДІ
20:45, 28 мамыр 2020
ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА 12 МЕКТЕП ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЕКІ ЕСЕ АРТАДЫ
20:38, 28 мамыр 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЕКІ ЕСЕ АРТАДЫ
Толығырақ...
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ЖАҢА РЕФОРМА КҮТУДЕ
13:01, 28 мамыр 2020
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ЖАҢА РЕФОРМА КҮТУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар