ШҰҒЫЛ! БАҚ ӨКІЛДЕРІ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

КОЛЛЕДЖДІҢ 1 КУРС СТУДЕНТТЕРІ ДӘСТҮРЛІ ФОРМАТТА БІЛІМ АЛУДА

20:43, 15 қыркүйек 2020

Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжі мен Петропавл машина жасау колледжінің 1 курс студенттері дәстүрлі форматта оқып жатыр. Екі мекемеде бүгінгі күні 444 бірінші курс студенті екі ауысымда штатты режимде білім алуда. Жалпы облыста барлығы 25 колледж БАР. 21 мемлекеттік БОЛСА, 4 жекеменшік. Онда  10,5 мыңнан астам студент білім алады.  Тілші бейнематериалында.

Білім мекемесінде санитарлық нормалар қатаң сақталған, міндетті түрде бетперде кию керек, кіре берісте оқытушылар мен студенттер термометриядан өтеді. Санитайзерлер, тепловизорлар, бактерицидті шамдар жеткілікті мөлшерде сатып алынған.  Мұнда студенттер топтасып жүрмес үшін  бір курсты екі топқа бөліп тастаған. Сонымен қатар, парталардың арақашықтығы 1 метрді құрап, білім алушылар бір-бірден отырғызылады. Ал сабақ уақыты бұрынғыдай 90 емес, 45 минутты құрайды екен.

ЕРКІН ЖАҚЫПОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ:

«1 қыркүйектен бастап біз оқуды аралас форматпен бастадық. Әрине, былай айтқанда 1 курстардың оқуға үйренуін, қалай келу, қалай шығу деген сияқты әдістеріне үйрену үшін біз штатный режим кіргіздік. 4742, 00:16, 4 тоқсанды қашықтан оқыдық, сондықтан былай айтқанда оқу әдісінен кішкене тәжірибеміз бар. Содан бастап біз 1 курстың балаларын  соған үйретіп отырмыз.»

Аралас форматта дәрістер мен семинарлардың 60% - ы онлайн режимде өтеді, оқу уақытының 40% - ы студенттер оқу шеберханаларында, цехтарда, колледж зертханаларында зертханалық, практикалық тапсырмаларды орындайды.

АСЫЛБЕК КӘРІБАЕВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ СТУДЕНТІ:

- «Біз сантарлық нормаларды сақтай отыра, штатты режимде білім алудамыз. Біздің топты екіге топшаға бөліп тастады.Қазіріг күні әр топта 12 адам. Мен үшін дәстүрлі форматта білім алу үлкен қуаныш. Себебі қашықта оқығанша, осылай колледжге келіп, мұғалімдер тілдесіп білім алған әлдеқайда қызықтырақ. »

Сабақ уақыты кәсіптік педагогикалық колледжде сағат таңғы 9-да басталса, машина жасау колледжінде 9-30 да басталады екен. Сәйкесінше, білім ордаларында сабақ кестесі мен қоңырау уақыты да екі бөлек. Бұл шаралар, қоңырау уақытында студенттердің  топтасып жүрмеуі үшін жасалған. Топтарда оқыту 15 адамнан аспайды. Кабинеттік жүйе жойылды.

АНАТОЛИЙ ФУРМАНЮК, «ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ МАШИНА ЖАСАУ КОЛЛЕДЖІ» КММ ДИРЕКТОРЫ:

- «Машина жасау колледжінің бірінші курсында штаттық режимде 104 студент білім алуда. Ұжымның алдында ең басты міндет санитарлық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету тұрды. Біз бірінші курстың  сабаққа деген бейімделуі сәтті өтуі үшін студенттерімен штаттық және аралас режимде айналысудамыз. Бүгінгі таңда жағдай қалыпты.»

Педагогикалық, IT, гуманитарлық мамандықтар бойынша білім алатын өңірдің 2 колледжінен бір жарым мыңнан астам студент қашықтан оқытуға көшті. Бұл М. Жұмабаев, СКУ колледждері. Оқу үдерісін аралас және қашықтықтан ұйымдастыру үшін "Сова" білім беру платформасында сабақ кестесі орналастырылған Аралас форматта 13 колледждің жұмысы ұйымдастырылды, 7 мыңға жуық студент оқиды.  Студенттер, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар,  сонымен қатар,  интернет желісі жоқ алыс ауылдан келгендер  жатақханамен қамтамасыз етілген.

Дана ҚАЛИЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАБАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТЕДІ
20:47, 21 қазан 2020
БАЛАБАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТЕДІ
Толығырақ...
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
МЕКТЕПТЕРДЕ ДӘСТҮРЛІ ОҚУДЫ ҚАЙТАРУ ҚАРАСТЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:31, 12 қазан 2020
МЕКТЕПТЕРДЕ ДӘСТҮРЛІ ОҚУДЫ ҚАЙТАРУ ҚАРАСТЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ЖАҢА КӨЛІКТЕР ТАПСЫРЫЛДЫ
17:15, 16 қазан 2020
ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ЖАҢА КӨЛІКТЕР ТАПСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
БЕЛГІЛІ ЖАЗУШЫ-ЖУРНАЛИСТ ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ 60 ЖАСҚА ТОЛДЫ
20:37, 16 қазан 2020
БЕЛГІЛІ ЖАЗУШЫ-ЖУРНАЛИСТ ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ 60 ЖАСҚА ТОЛДЫ
Толығырақ...