ШҰҒЫЛ! БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ Толығырақ

КОЛЛЕДЖДІҢ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК БАЗАСЫН ЖАҢАРТУ ҮШІН 323 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

17:23, 30 маусым 2020

Биыл өңірдің 9 орта арнаулы оқу орнын жөндеуге және заманауи техникамен қамтуға «жас маман» мемлекеттік бағдарламасы аясында бюджеттен 1 млрд 263 млн тг бөлінді.  Осындай білім ордаларының бірі солтүстікқазақстандық Кәсіби педагогикалық колледжі. Оқу орны  жөндеу жұмыстары мен студенттерге білім беру барысында қажетті техникаларын да сатып ала бастаған. Олар, компьютерлер мен ноутбуктар және су жаңа КИА және Хюндай автокөлігімен толығып отыр.  Тақырыпты әріптесім жалғастырсын.

Солтүстікқазақстандық кәсіби педагогикалық колледжінің іргесі  1957 жылы қаланған. Жылдар бойы білікті мамандар даярлап отырған  білім ошағының мыңға жуық студенті бар. Биыл «Жас Маман» мемлекеттік бағдарламасы аясында колледжге республика тарапынан 323 млн тг және облыс бюджетінен 15 млн тг қаражат бөлінген. Бұл  ақшаға колледждің толықтай бірінші қабатында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, техникалық базасы жаңартылуда. Жұмыстар мамыр айында басталып, бүгінде 50 пайызы іске асып отыр.

ЕРКІН ЖАҚЫПОВ, СҚО КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Бізге көп көңіл бөлінген жоқ. 50 жылдан астам ешқандай кіріс болған жоқ. Жергілікт бюджет 15 млн берді, сосын тағы  19 млн тг бөліп отыр.

 Мына жерде  студенттер  теориялық білімдерін практика жүзінде шыңдайды. Бұрын білім алушылар жигули, ВАЗ; ГАЗ автокөліктерімен жұмыс істесе, енді соңғы үлгідегі КИА және Хюндай  машиналарына диагностика жасайтын болады. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламаның аясында колледжде мынадай көтерме құралы пайда болды. Бұл техника салмағы 5 тоннаға дейін автокөлікті қажетті биіктікке дейін көтере алады.

ЮРИЙ ДАНИЛОВ, ДИРЕКТОРДЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Шыны керек бұл біздің студенттерге жасалып жатқан бірегей мүмкіндік. Көріп тұрғандарыңыздай шамамен әрбіреуі 6-9 млн тг-ден болатын 2 автокөлік сатып алынды. Одан бөлек шағын автобус пен жүк автомобилін алу  көзделіп отыр. Сондай-ақ бұл жерде машинаның ішкі құрылысы толықтай бейнелегенген автоматтандырылған стендтер болады.

«Жас маман» жобасының арқасында колледжге 30 ноутбук пен компьютер,  интерактивті тақталар орнатылып жатыр.  Білім ордасының едені мен қабырғалары жөнге келтірілуде. Жоспарланған жұмыстар оқу жылының басына дейін аяқталмақ.

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНЕ ҚЫЗУЫ КӨТЕРІЛГЕН 4 ТҮЛЕК ҰБТ-ға ҚАТЫСТЫРЫЛМАДЫ
17:23, 29 маусым 2020
ДЕНЕ ҚЫЗУЫ КӨТЕРІЛГЕН 4 ТҮЛЕК ҰБТ-ға ҚАТЫСТЫРЫЛМАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУДАНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН АЙШЫҚТЫ ІСТЕР
17:18, 8 шілде 2020
АУДАНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН АЙШЫҚТЫ ІСТЕР
Толығырақ...